Бала

Ұрып-соғып, балағаттаған: ата-аналар балабақшадағы сұмдық туралы айтты

611
(Жаңартылды 17:10 01.11.2018)
Ата-аналар ұжымдық арыз жазып, ішкі істер басқармасына жіберген

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Елорда тұрғыны №94 мемлекеттік балабақшада балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы шағымданды.

Ашу-ызаға толы жазба "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында жарияланған. Автордың айтуынша, екі жасар балаларды соққыға жығып, балағаттап, еденге жатқызып сүйреген көрінеді. Бұл сұмдыққа жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүр болған тәрбиеші куә болыпты.

Астананың білім басқармасы Sputnik Қазақстанға берген мәлімет бойынша, балабақшаға арнайы комиссия жіберілді.

Балабақша ұжымымен түсіндіру жұмыстары атқарылып, осы аптада сауалнама жүргізілмек.

Қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан кезде тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетіледі, деп жауап берді білім басқармасы.

Байқоңыр ауданы ішкі істер басқармасына ата-аналардың ұжымдық арызы мен тексеру материалдары жіберіліпті.

Тиісті шаралар полицияның қорытындысынан кейін қолданылады.

611
Кілт сөздер:
балағаттау, тәрбиеші, зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, балабақша, Астана
Тақырып бойынша
Павлодарда балабақша тәрбиешісі тапа-тал түсте екі шәкіртінен көз жазып қалды
Балабақша тәрбиешісі туберкулездің ашық түрімен ауыратыны анықталды
Балабақша тәрбиешісі 6 жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды
Атырауда теріс діни ағымда жүргендер балабақша ашып жатыр
Загрузка...