Ақорда

Бүгіннен бастап Қазақстанның елтаңбасы өзгерді

3328
(Жаңартылды 12:16 02.11.2018)
Елтаңбадағы "Қазақстан" жазуы латын графикасына өзгертілді

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Қазақстанның елтаңбасында мемлекеттің аты латын әріптерімен жазылды. Бұдан былай мемлекеттік рәмізде "Қазақстан" жазуы латын графикасымен беріледі — QAZAQSTAN.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңына енгізілген өзгертулер 1 қарашадан бастап күшіне енді. Бұл туралы бұрын инвестиция және даму министрлігінің комитеті хабарлаған еді.

Тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасы 1992 жылы қабылданды, онда көк аспандағы шаңырақ пен қос пырақ бейнеленген.  Авторлары – белгілі архитекторлар Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тапсырмасына байланысты елтаңбаға өзгеріс енгізілді.

Айта кетсек, латын әліпбиінде қазақ тілінің төл дыбыстары үшін диакриттік таңбалар пайда болады. Білім министрлігі балабақшалар, мектептер, колледждер мен ЖОО-ларда латын әліпбиіне көшу кестесін бекіткен.

3328
Кілт сөздер:
мемлекеттік рәміздер, елтаңба, өзгерістер, Латын әліпбиі, Қазақстан
Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (46)
Тақырып бойынша
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру: жазу емлесінде қанша ереже болады
Түймебаев лекция кезінде латын әліпбиімен қиналмай жазды
Елімізде латын әріптерімен қазақша пернетақта іске қосылды
Оқулықтарды латын әліпбиіне аудару шығынын кім көтереді?
Депутат: латын әліпбиі қазақ ұлтының бөлшектенуіне әкеп соғуы мүмкін
Латын әліпбиіне байланысты мектептерде нөлінші сынып кеш енгізілмек
Қазақстанда автокөлік нөмірлерінде латын әріптері пайда болады
Абаев апострофы жоқ латын әліпбиіне қатысты түсініктеме берді
Дәрі-дәрмек

Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?

1177
(Жаңартылды 13:51 06.07.2020)
Мамандар қазақстандықтар дәріханадан жаппай сатып алып жатқан дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан міндетті түрде дәрігер тағайындауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты дене қызуын түсіретін дәрілер тапшылығы туындады.

Бұл мәселені шешуді президент денсаулық сақтау министрлігі мен құқық қорғау органдарына тапсырды.

1177
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Дәріханадағы кезек

Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды

96
(Жаңартылды 13:16 06.07.2020)
Бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуін iKomek сервисі арқылы қадағалап, 109 нөмірімен шағымдана алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.

"Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз", – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтқан. Президент үкімет мен құқық қорғау органдарына туындаған мәселені реттеуді тапсырған.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеген.

96
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, дәрі-дәрмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді
Астанада сарапшылар ЕАЭО аясындағы дәрі-дәрмек бағасын талқылайды
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Үйлену тойы

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды видео

0
(Жаңартылды 14:41 06.07.2020)
Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілген болатын

АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысты. Полицейлер жасырын жиынның үстінен түсті.

StopCov Almaty мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары енгізілген қатаң шектеу шараларына қарамастан, 30 адамның басын қосып үйлену тойын ұйымдастырған. 

"Той Ақжар шағын ауданы Жаңашаруа көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Наурызбай ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп, ұйымдастырылған салтанатты жиынның қызған уақытында үстінен түсті. Отбасылық шараны тоқтатылды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілді. Ел азаматтарына қонақ шақырып отбасылық, діни жиын және басқа да салтанатты шара өткізуге тыйым салынды.

0
Кілт сөздер:
той, видео, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды