Қоғам

"Қысқа" желтоқсан – қазақстандықтар қанша күн демалады?

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда желтоқсан айында мереке күндері көп, олардың кейбірі демалыс күндеріне түсіп, ел тұрғындарына қосымша демалыс сыйлайды

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Желтоқсанда қазақстандықтар бас-аяғы 13 күн демалады. 

Қыстың алғашқы айы 1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке –Тұңғыш Президент күнімен басталады. Биыл ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылады.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматының туған күні: қаланың 10 құрметті азаматы

Республиканың басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түседі, сондықтан сейсенбі, 18 желтоқсан демалыс күні болады.

Сондай-ақ жылдың соңғы дүйсенбісі, 31 желтоқсан да демалыс күні болады. 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан.

Жаңа жылдық демалыс күндері төрт күнге – 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады. 

Жаңалықтар
0