Ақша

Kaspi банктің басшысы мәлімдеме жасады

3813
(Жаңартылды 12:34 04.11.2018)
Ломтадзе Қазақстаннан ешқайда кетпегенін, әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын айтты

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Kaspi Bank-тің басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Видеода Михиал Ломтадзе Қазақстанда екенін, қазіргі таңда бір презентацияға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бейнежазба компанияның ресми парақшасында жарияланған. 

"Бүгін 3 қараша, сенбі. Көп адамға менің қалада жоқ екенім, банкте қандай да бір қиындықтар туындағаны туралы хабарлама келіп жатыр екен. Мен кеңседемін, жұмыс істеп жатырмын. Келесі аптада бізде тамаша презентация болады, соған дайындалып жатырмыз. Барлықтарыңызға шын жүректен уақытты жақсы өткізуді тілеймін", - дейді Ломтадзе. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Каспий банктің" басшылары кетіп қалған, тезірек ақшаны шешіп алыңыздар" деген хабарлама тарап, ел дүрліккен еді. Көп ұзамай банктің атқарушы директоры Маржан Елшібаева фейсбуктегі парақшасында бастығының газетпен түскен суретін жариялап, көптің қорқынышын сейілтті.

3813
Кілт сөздер:
Каспий, банк, әлеуметтік желілер, мәлімдеме, видео, ақша
Тақырып бойынша
Ұлттық банк екі ірі сақтандыру компаниясының лиценциясын тоқтатты
Жолақысын банк картасымен төлеуге болады: жаңа жоба іске қосылмақ
"Сізге бүгін не болған?" Нығматулин ұлттық банк төрағасын ұятқа қалдырды
Ұлттық банк "7-20-25" бойынша қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді
Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы
Халық банк қазақ тілінің орнына неге қытайша қызмет көрсетілгенін түсіндірді
Загрузка...