Медбике

Қазақстанда химиялық піштіру қалай жүргізіледі?

338
(Жаңартылды 14:54 07.11.2018)
Химиялық піштіруді медициналық мекемеде медбике жүргізсе, ал түрмеде пост бақылаушысы да қатысатын болады

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі педофилдерді химиялық піштіруге қай өңірлерден сұраным түскені туралы мәлімет берді.

Алғашқы химиялық піштіру Түркістан облысының тұрғынына жасалады.

"Әзірше басқа өңірлерден сұраным түскен жоқ", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген жауабында.

Химиялық піштіру дегеніміз не?

Химиялық піштіру – жыныстық құмартуды төмендететін антиандрогендік препаратты ағзаға енгізу. Оны сот шешімінің негізінде медициналық мекеме жүргізеді.

"Медициналық мекемеде препаратты енгізуді медбике ғана жүргізсе, түрмеде пост бақылаушысы да қатысады", — деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

Химиялық піштіру бір рет қана жүргізіле ме?

Химиялық піштіру кезінде адамның денсаулығы үнемі бақылауда болып әрі психотерапиялық жәрдем көрсетіледі.

Зертханалық тексеру жарты жылда бір рет жүргізіліп, ағзадағы гормон деңгейі анықталады.

Химиялық піштіруді әрі қарай жалғастыру немесе тоқтату шешімін қабылдау үшін комиссиялық тексеру жүргізілуі тиіс.

Химиялық піштіруге қандай препарат қолданылады?

Қазақстанда химиялық піштіруді жүргізу үшін "Андрокур-депо" ("Ципротерон") антиандрогендік препараты пайдаланылады.

338
Кілт сөздер:
химиялық піштіру, жаза, педофил, Қазақстан
Тақырып бойынша
Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Павлодарда тағы бір педофил сотталды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

18
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

18
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

46
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

46
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

0
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

0
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы