Сүт

Дәрігерлер суық тигенде неге сүт ішуге болмайтынын айтты

1027
(Жаңартылды 11:58 06.11.2018)
Дәрігерлер суық тиген науқастарға тәжірибе жүргізіп, сүттің емдік қасиетінің жоқ екенін анықтады

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Суық тигенде сүт өнімдерін пайдалану ауруды асқындырып жіберуі мүмкін, деп хабарлады британ дәрігерлері. Зерттеу нәтижесі Laryngoscope журналында жарияланған, деп жазады РИА Новости.

Жандарбек Бекшин
© Photo : Служба центральных коммуникаций

Мамандар суық тию мен шырыш бөлінуі арасындағы байланыс зерттеді. Бәрімізге белгілі, шырыштағы антибактериялық ферменттер микробтарды өлтіріп, адамды суық тиюден сақтайды. Бірақ ауырып қалған кезде, шырыштың бөлінуі күшейіп, науқас жөтеле бастайды, дауысы қарлығып қалады.

Халық арасында кең тараған тәсіл бойынша суық тиюді сүтпен емдейді, алайда бұл әдістің тиімділігі жайында ғылыми тұжырым немесе, керісінше, жоққа шығаратын гипотеза жоқ. Сол себепті дәрігерлер сараптама жүргізіп көрді, дейді отоларинголог Адам Фрош.

Тәжірибеге 26 ер адам мен 82 әйел адам қатысыпты – олардың бәрі шырыштың шектен тыс бөлінуіне шағымданған науқастар. Қатысушыларға алты күн бойы сүт тағамдарын пайдаланбауға кеңес берген.

Үшінші күннен бастап науқастардың жартысына 350 миллилитр сиыр сүтін, ал қалған жартысына сондай мөлшерде соя сүтін бере бастапты. Бірақ қатысушыларға нақты не ішіп жүргендерін айтпай, сүттердің дәмін өзгертіп қойған.

Науқастар сауалнама толтырып, шырыштың бөліну деңгейін 100 балдық шкала бойынша бағалап отырды. Бастапқыда қатысушылардың көрсеткіші 65 балдың шамасында болса, екі күндік диетадан кейін шырыш деңгейі түсіп кетті (екі топта да 55 балл), бірақ рационға сүтті енгізген соң бұрынғы цифрлар қайтып келді — 63 балл. Ал соя сүтін пайдаланған науқастар өздерін айтарлықтай жақсы сезіне бастаған.

"Аз уақытта жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Сондықтан науқас сүт ішкен соң шырыштың көбірек бөліне бастағанын сезінсе, порциясын азайтып немесе рационнан сүт өнімдерін мүлдем алып тастағаны жөн", — деп санайды Фрош.

1027
Кілт сөздер:
науқастар, емделу, дәрігер, жөтел, суық тию, сүт өнімдері
Тақырып бойынша
Сүттің ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Ғалымдар көздің көрмей қалуынан сақтайтын тағам түрлерін атады
Жеген сайын адамды бақытты ететін 7 тағам
Ғалымдар күйзелістен арылуға көмектесетін тағам түрлерін атады
Балаларға беруге болмайтын 9 зиянды тағам
Пробирка

Өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны анықталды

76
(Жаңартылды 13:38 09.08.2020)
Коронавирус анықталған 428 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша 664 адам дерттен айығып шықты, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 428 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174 / 78
  • Алматы қаласы - 151 / 73
  • Шымкент қаласы - 24 / 13
  • Ақмола облысы - 39 / 22
  • Ақтөбе облысы - 10 / 5
  • Алматы облысы - 23 / 16
  • Атырау облысы - 41 / 35
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78 / 30
  • Жамбыл облысы - 30 / 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 55 / 24
  • Қарағанды облысы - 90 / 27
  • Қостанай облысы - 30 / 13
  • Қызылорда облысы - 6 / 6
  • Маңғыстау облысы - 29 / 24
  • Павлодар облысы - 26 / 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40 / 11
  • Түркістан облысы - 26 / 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 98 701.

Ведомство таратқан дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда 664 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 273.

76
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Дәрігер

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты

1092
Синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды, деп хабарлайды "Диапазон" Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров.

Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады.

"Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин.

Оқи отырыңыз: Қытайда соңы өлімге соқтыратын жаңа вирус тарала бастады

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.

Ал осыған ұқсас жағдайлар алғаш рет мамыр айында Еуропа елдерінде тіркелді. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Deutsche Welle басылымы ол туралы жазды.

Маусым айында екі жасар қыз Мәскеуде Кавасаки тәрізді синдромның құрбаны болды, деп хабарлады РИА Новости

Шілде айында америкалық Wall Street Journal АҚШ-та тестілеу нәтижесінде балалардың коронавирус жұқтырған жағдайлары анықталып жатқанын мәлімдеді. Кейбір балаларда COVID-19 жұқтырғаннан кейін денеде қабыну процесі басталады.

Балалардағы синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.

1092
Кілт сөздер:
коронавирус, вирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері сұмдық оқиғаға қатысы бар күдіктіні шекарада тұтқындады

680
(Жаңартылды 13:14 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқанда сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

680
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды