Временная регистрация

Полиция тіркеусіз жүргендерді анықтауға кірісті

288
(Жаңартылды 15:26 08.11.2018)
Астанада тіркеусіз жүрген 500-ден астам адам полицейлердің қолына түсті. Пәтерді жалға берушілер көбінесе тұрғындарды тіркеуге тұрғызудан бас тартатыны анықталып отыр

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1 083 көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықталды.  

Осы жылдың 29 қазаны мен 6 қарашасы аралығында тұрғын үй иелері және тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер арасындағы делдалдық фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

"Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 1083 фактісі анықталды: 334 шетелдік келу ережесін бұзған, 107 қабылдаушы тұлға шетел азаматтарының келу ережесін бұзған, 98 тұрғын үй иесі нақты тұрмайтын азаматтарды тіркеуге қойған, 544 тұлға Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған", — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.

Пәтерді жалға берушілер көбінесе тұрғындарды тіркеуге тұрғызбайды. Салдарынан пәтерді жалға алушылар тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алмайды және тіркеусіз тұрады немесе жалған мекенжай бойынша тіркеліп, бір мекенжайда 100-ден аса адам тіркелуі мүмкін, деп жазды Елорда Инфо.

Тұрғын үй иелері мен тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы делдалдықтың 140 фактісі анықталды.


288
Кілт сөздер:
уақытша тіркелу, көші-қон, Астана
Тақырып бойынша
Елімізде уақытша тіркеу тегін болуы мүмкін
Нығматулин: уақытша тіркеу кезіндегі айғай-шу медсақтандыруды енгізгенде қайталанбауы тиіс
ІІМ уақытша тіркеудің болмауы үшін айыппұл салуды кейінге шегерді
Загрузка...