оқушылар

Астанада 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған

699
(Жаңартылды 10:12 13.11.2018)
Халықаралық мектепте сабақ берген АҚШ-тан келген мұғалім қазір Қазақстаннан кетіп қалған

АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған. Сұмдық оқиға бас қаладағы халықаралық жекеменшік мектептердің бірінде болды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қазір бұл жайтты білім және ғылым министрлігі тексеріп жатыр. 

"Ол мұғалімде сотталмағаны туралы анықтама болған. Жұмысқа орналасар алдында қажет құжатты түгел өткізген. Ал келеңсіз оқиғаның қалай болғанын анықтап жатырмыз. Негізі, жеке мектептер де еліміздің еңбек туралы заңына бағынады. Кез-келген ұстаз сотталмағанын дәлдеуі тиіс. Бұл шетелдіктерге де қатысты", — білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. 

Астанада шу шыққан халықаралық мектепте елімізде тұрып жатқан шетелдіктердің балалары мен жерлестеріміз білім алады. Шетелдік қарт  ұстаз дәл осы мектепте сабақ берген. Қазір ол Қазақстаннан кетіп қалыпты. Келеңсіз оқиға шәкірттер Алматыға спорттық шараға барғанда болған. Мұғалім жасөспірімдердің біріне қол жүгірткен көрінеді.

Тағы оқыңыз:

Бірақ, ешкім арызданбағандықтан полицейлер іс қозғамапты. Сөйтсе, атышулы ұстаздан АҚШ-та да жәбір көргендер көп екен. Ол сексуалдық қарым-қатынасқа итермелеген студенттер, тіпті, арнайы сайт ашып, ұстаздары туралы ақпарат салып отырған. Ондағы мәліметке сенсек, ұстаздың бұрынғы аты-жөні — Стивен Мейерс болған екен. Кейін Стивене Сворупе Джексон деп ауыстырған. Мұндай адамның еліміздегі элиталық мектепке қалай тап болғаны түсініксіз. 

699
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Он үш жастағы қызды азаптап, зорлаған педофил ерлі-зайыпты 100 жылға сотталды
Қазақстанда алғаш рет педофил химиялық жолмен піштіріледі
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Ол ештеңе айта алмай, жылай берді – педофил шабуылдаған баланың әжесі
Таразда педофил бес жыл бойы досының қыздарын қорлаған
Жүз екі жастағы қарияға әйел зорлады деген айып тағылды
Үш полицей әріптесін жабылып зорлады
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

60
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

60
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады
Архивтегі фото

Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады

41
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып,  оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты   

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
  • Алматы қаласы – 1373,
  • Шымкент қаласы – 244,
  • Ақмола облысы – 106,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 180,
  • Атырау облысы – 279,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51,
  • Жамбыл облысы – 176,
  • Батыс Қазақстан облысы – 269,
  • Қарағанды облысы – 217,
  • Қостанай облысы – 62,
  • Қызылорда облысы – 233,
  • Маңғыстау облысы – 116,
  • Павлодар облысы – 148,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
  • Түркістан облысы – 199.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты 

41
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды