WhatsApp

Kaspi Bank туралы жалған хабарлама таратқан адамның кім екені анықталды

890
(Жаңартылды 21:11 11.11.2018)
Фейк ақпараттың авторы үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе үш жылға сотталуы мүмкін

АЛМАТЫ, 10 қараша — Sputnik. Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Kaspi Bank қиындыққа тап болды деген ақпараттың таралуын ұйымдастырған күдіктіні анықтап ұстады. 

Алматы полицейлері жедел іздестіру шарасы кезінде банк туралы ақпарат таратты деген күдікпен Астана қаласының тұрғынын ұстады. 

"35 жастағы Астана тұрғыны айдың басында әлеуметтік желілер арқылы банктің қызметі мен оның басшысына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Оның ішінде полицейлер бұл қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауда", — деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қылмыстық кодекс бабына сәйкес, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ірі айыппұл төлеуі немесе үш жылға сотталуы мүмкін.

890
Кілт сөздер:
каспи банк, әлеуметтік желілер, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
Kaspi Талғардағы бөлімшеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосын жариялады
ІІД: қолында балтасы бар қылмыскер Kaspi Bank-тен 23 млн теңге ұрлаған
ІІМ Денис Теннің өліміне қатысты: әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттар жалған
"Дуалап, ақшаңды алады" Депутат жалған емшілермен күресуге шақырды
Жалған IELTS сертификаты туралы дау: сот шешімі шықты
БҒМ жалған ақпарат тарату фактісіне қатысты мәлімдеме жасады
Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін жалған ақпарат таратқан
Жерді қытайлар басып алды деп жалған ақпарат таратқан Астана тұрғыны сотталды
"Оның бәрі жалған" - Назарбаевтың Сочиде айтқан бес маңызды сөзі
Загрузка...