Қоғам

Астанада қар күреуге 37 миллион доллар бөлінді

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанада қар күреу
Астанада қар күреу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала көшелері мен аулаларды қардан тазалау үшін Астананы шаршы аумақтарға бөледі – жалпы ауданы 26 миллион шаршы метр

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Астана билігі қала көшелерін қардан тазартуға 13 миллиард 921 миллион 301 мың теңге бөлді, бұл 37 миллион 123 мың долларға тең.

Автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жүздеген көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Қарды тазалауға ыңғайлы әрі мердігер ұйымдарды бақылауға жеңіл болу үшін олардыңк арасында қала аумағын аудандарға ғана емес, шаршыларға да бөлді, деп хабарлайды elorda.info.

"2019 жылдан бастап санитарлық тазарту бойынша қызметтке байқауды аудан әкімдіктері үш жылға өткізеді. Әр аудан бірнеше шаршыға бөлініп, жалпы қалада  28 шаршы болмақ, Есіл ауданында – 8, Алматы – 9, Байқоңыр – 5, Сарыарқа – 6", — деп түсіндірді Астана қаласы жанармай-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Жасұлан Байжанов.

Оның сөзіне сүйенсек, елордада қар жауғаннан кейін күрелуі тиіс аумақтың ауданы 25 миллион 789 мың 047 шаршы метр.

"Бұл биыл қалада қардан тазатылатын аумақ. Оның іщінде механикалық тазарту – 9 921 447 шаршы метр, қолмен күреу – 15 867 600 шаршы метр. Ал бағыттардың жалпы ұзындығы – 932 766 метр", — дейді ол.

Астанада биыл қыста көшелерді қардан тазартуға 1564 көлік жұмылдырылмақ.

Жаңалықтар
0