Денис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды

Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы

121
(Жаңартылды 20:02 12.11.2018)
Қалмұханбет Қасымов Тенге берілген медаль министрліктегі ең жоғарғы награда екенін мәлімдеді

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тен қайтыс болғаннан кейін марапатталған медаль туралы айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

"Бұл мен марапаттайтын ең жоғарғы награда. Бұл медаль түрлі жағдай кезінде ерлік көрсеткені үшін және өзінің функционалдық міндеттерін орындағаны үшін беріледі", — деді Қасымов мәжіліс кулуарында. 

Оның айтуынша, Денис Тен қылмыстың жасалуына тосқауыл болып, өзін батыл ұстады.  

"Сондықтан мен оны марапаттау туралы шешім қабылдадым", — деді министр. 

"Желі қолданушыларының марапатқа қатысты сан түрлі пікіріне қалай қарайсыз?" деген журналистердің сұрағына Қасымов "қолымнан келетіні бар болғаны осы" деді. 

Айта кетсек, өткен жұмада ішкі істер министрінің бұйрығымен Денис Тен қайтыс болғаннан кейін медальмен марапатталды. Марапаттау рәсімі Ұлттық ұланның әскери бөлімшесінде өтті. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының әкесіне "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін" медалі берілді. 

2011 жылдан 2012 жылға дейін Денис Тен Алматыдағы Ұлттық ұланның № 7552 әскери бөлімінде әскери қызметте болған. Сочи олимпиадасына дейін ол "кіші сержант" атағына ие болған, бірақ қола медаль жеңіп алғаны белгілі болғанан кейін оны лейтенант атағына дейін көтеру туралы бұйрық шықты.


121
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанау, медаль, Қалмұханбет Қасымов, Денис Тен, Қазақстан
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (100)
Тақырып бойынша
Денис Тенге мемориалды тақта ашылды: Ресейдің атақты жаттықтырушысы арнайы ұшып келді
Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды
Қасымов: Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған ұстазға қатысты сот үкім шығарды
Денис Теннің жақындары қазақстандықтарға өтініш айтты
Загрузка...