Малика Мұхитова

Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: ата-анасы халыққа үндеу жасады

1657
(Жаңартылды 15:34 13.11.2018)
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы қазақстандықтарға жасаған үндеуінде соттың әділ шешім шығаратынына үміт артатынын білдірді

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Жол апатынан қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жасады. Сергей Хан мен Лейла Сүлейменова сотталушының шын өкінгеніне сенбейді.

Сүлейменовтің анасы мен әкесінің айтуынша, күдікті Малика Мұхитова "жасаған ісі үшін жазасын жеңілдету мақсатында" кінәсін мойындады.

Марқұмның әкесі Сергей Хан атап өткендей, қорғаушы тарап сотталушының апат кезінде жылдамдықты асырмағанына ешқандай айғақ ұсынған жоқ.

"Видеокамералардың жазбасында анық көрініп тұр, Ескендір қиылыстан өтіп бара жатқан, жолдың 80%-н жүріп өткенде, аяқ асты сотталушының көлігі атып шығып, кедергі жасады", — деді Хан.

Сонымен бірге, отбасы Франция мен Италияға Ескендір Сүлейменов туралы неліктен сұратулар жіберілгенін түсінбей аң-таң.

Марқұмның әкесі айтқандай, сотталушының қорғаушысы Ескендірдің атасы – атақты ақын Олжас Сүлейменовтің өмірбаянын оқып, тілшілердің назарын әдейі аударды.

"Ешқандай өкініш, жаны ашу, кінәсін жуып-шаю дегенді көрмедік. Сотталушы өзі үшін, ата-анасы үшін қорқады, қатаң жазаға кесіліп, бас бостандығынан айырыла ма деп зәресі ұшып отыр. Заңмен бекітілген жазадан құтылып кетем бе деген үміті де бар. Сот отырысы кезінде қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеулер аясында анықталғанның бәріне күмән келтіруге тырысты, сол себепті Мұхитоваға жанымыз ашып, қайырымдылық жасағымыз келмейді", — деп мәлімдеді марқұмның әкесі.

Оның айтуынша, бітімге келгеннің өзінде, сотталушы жауапкершіліктен құтылмайды, тек жаза тағайындаған кезде ескеріледі.

Ескендірдің анасы Лейла Сүлейменова айтқандай, Әділет министрлігі жанындағы сот сараптамалары орталығының сарапшылары марқұм мінген мотоциклдің жылдамдығын анықтаған — 43 пен 88 км/сағ арасында. Алайда авдокат Омбыдағы бір маманның қорытындысына сүйеніп, Ескендірдің жылдамдықты 116 км/сағаттан асырғанын алға тартты, деп наразылық білдірді әйел.

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтуынша, көлікті 2012 жылдан бері жүргізеді, алты жыл ішінде бірде бір рет жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. 

Айыпталушы "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясында жұмыс істейді, тұрмыс құрмаған, бұрын сотталмаған.

24 қазанда өткен сот отырысында зардап шеккен тарап сотталушыдан 14 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді талап еткен еді. Алайда бүгін марқұмның отбасы ол талап-арызды қайтарып алды.

1657
Кілт сөздер:
қаза, жаза, үкім, жол апаты, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Астана
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: отбасы полковниктің қызынан 14 млн теңге сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр". Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
Загрузка...