Қоғам

Жастар дінге кіру арқылы мінсіз әкелерін іздейді — Төлеуова

© жеке архивіненЖұлдыз Төлеуова, психоаналитик
Жұлдыз Төлеуова, психоаналитик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маман Жұлдыз Төлеуова психоанализ бен дінді қарама-қарсы қоюдың мүлдем қате екенін айтып, мұның себебін түсіндірді

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Психоаналитик Жұлдыз Төлеуова XXI ғасыр жастарының жаппай дәстүрлі және теріс дінге кіруінің себебін түсіндірді. Айтуынша, бұл бірінші кезекте тоқырау заманында дүниеге келген ұл-қыздардың мінсіз әкесін іздеуімен байланысты.

Психоанализдің негізін қалаған Зигмунд Фрейд өзінің "Бұл адамның аты Моисей" кітабында дін тақырыбын жан-жақты зерттеген. Дін тақырыбына тоқталған жалғыз Фрейд емес. Оның әріптестері, соның ішінде Эрик Фром да діннің адам баласына қалай әсер ететінін және оның пайда болу тарихын қарастырған. Қай психоаналитикті алып қарасақ та, ешқайсысы Құдайды жоққа шығармаған және дін адамға зиян деп кесіп айтпаған. Керісінше Фрейд діннің пайда болуын адамзат санасының оянғаны деп бағалайды.

Айнұр Әбдірәсілқызы, орталық директоры - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айнұр Әбдірәсілқызы радикалдарға қатысты қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты

Дін адамзат санасын жаңа деңгейге көтерді

"Зигмунд Фрейд еңбегінде ежелгі адамдардың дінді өздері ойлап тапқанын жазады. Діннің пайда болуын психоанализде екі аспектіде қарастыруға болады. Бағзы замандардағы адамдар жер сілкінісі, қатты дауыл, құйыннан қорқып, мұның барлығын Құдайдың қаһарына балаған. Мұнымен қатар, ежелде қан тазалығына, туыстыққа мән бермей, туған бауырлар бір-бірімен қосыла беретін болған. Тіпті, ер-азаматтар өздерінің туған шешелеріне үйленген. Сондай-ақ, аналары мен әпке-қарындастарын әкесінен қызғанған балалар бірігіп оны өлтірген. Кейін орнына билік құрған", — деп түсіндірді психоаналитик Жұлдыз Төлеуова.

Тағы оқыңыз:

Маманның айтуынша, көкірегі ояу, көзі қарақты деген адамдар — сол кездегі пайғамбарлар осындай жануарға тән инстинктерге тосқауыл қою үшін дін арқылы мораль шеңберіндегі тыйымдарды енгізген. Осының арқасында инцест азайып, көп ұзамай жақын туысқандар бір-бірімен жақындаспайтын болған. Әлбетте туған әкесін өлтіргендер артынша өкініп, оны алып жануарлармен алмастырып, соларға табынған. Яғни дін керісінше адамзат санасының жаңа деңгейге көтерілуіне жағдай жасады. Мұнымен қатар, дін сол кездері кеңінен етек жайған каннибализмге нүкте қойды.

"Құдай — мінсіз әкенің образы"

Ежелгі заманда перғауындар болсын, өзге де билік өкілдері болсын, әртүрлі Құдайға, пұтқа табынатын болған. Кейін Мұса пайғамбар алғаш монотеизмді алып келді.

Орамал таққан қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психоаналитик қызына хиджаб кигізетін ата-ананың неге олай істейтінін түсіндірді
"Психоанализдің пайымдауынша, Құдай — әкенің образы. Адамның психикалық құрылымы бес жасқа дейін қалыптасады. Осы жасқа дейін бала әкесін қолынан бәрі келетін ұлы адам ретінде көреді. Әсіресе, 2-3 жасқа дейінгі балалар. Уақыт өте келе балалардың әкелерінен көңілдері қалып, оның орнына мінсіз жанды іздей бастайды. Осы ізденістің ақыр-аяғы дінге бет бұруға әкеліп соғады. Дәл қазір осы тақырыпты тереңінен зерттеп жатырмын. Қазақстан жастарының жаппай дінге бет бұруының бірден-бір себебі — 70 жылдай қызыл империя құрамында болуымыз.

Қазіргі жаппай дінге бет бұрып жатқан жастар 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында дүниеге келген. Осы кезеңде әке-шешелер балаларын әдейі қараусыз қалдырды, дұрыс тәрбие бермеді деп кінәлауға негіз жоқ. Себебі, олар бала-шағаларын материалдық тұрғыдан асырау үшін күні бойы жұмыс істеуге мәжбүр болды. Мұндай дағдарысқа төтеп бере алмаған әкелер ішімдікке салынып жатты", — деді психоаналитик.

Тағы оқыңыз:

Бүгінде Қазақстан үшін үлкен проблема — жастардың дәстүрлі емес, теріс дінге бет бұруы. Өкінішке орай, олардың көп бөлігі теріс жолға түскендерін кеш түсініп жатыр. Осы орайда, маман теріс дінге кіру арқылы адамның бейсаналы түрде қатал әкені іздейтінін айтты.

Қазақ қыздары неге хиджаб пен паранжаға әуес?

Әрі қарай Жұлдыз Төлеуова қазақ қыздарының арасында арабтың ұлттық киімінің сәнге айналып кеткеніне тоқталды. Айтуынша, бұл нәзік жандылар өздерінің болмыстарын іздеп жүр. Екіншіден, паранжа киетіндер осы киім арқылы бейсаналы деңгейде жан жарасын сыртқа көрсетпеуге тырысуда.

Бұдан өзге психоаналитик дінді көп адам теріс мақсатта пайдаланып, халықтың санасын жаппай улауда, оларды өз ырқына көндіру үшін қалай қолданып жүргенін айтты.

Бейбітшілік және келісім сарайы - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік". Дін көшбасшылары съезінде не айтылды?
"Гитлер билікке келген соң, көптеген еврей жаппай қуғын-сүргінге ұшырайды. Олардың арасында Зигмунд Фрейд пен оның бауырлары да бар. Бірақ, психоаналитикті түрмеде отырған жерінен Мария Бонапарт құтқарып қалған. Сол кісінің көмегімен Фрейд Англияға қашып кетеді. Осы кезде маман дін арқылы халықты билеу өте қауіпті екенін айтқан. Себебі, дін арқылы билігі бар адамдар оларды өз ырқына көндіріп, жеке шығармашылық, тұлғалық қасиетінен айырып, құлдық санаға әкеліп отыр. Кеңес одағы кезінде атеист болуға үндегені рас. Бірақ ол кезде адамдар бір көсемге, Ленинге немесе Сталинге табынды. Яғни бұл да діннің аналогы еді", — деді Жұлдыз Төлеуова.

Діндар адамдар жауапкершіліктен қашады

Әрі қарай психоаналитик маман діндар адамдардың "Құдайдың жазғаны", "бір Алланың басқа салғаны", "тағдырдың жазғанына көнеміз ғой" сынды сөздерді неліктен жиі қолданатынына тоқталды.

Тағы оқыңыз:

"Егер адам бес жасқа дейін жарақат алатын болса, оның психикасы дамымай қалады. Осының салдарынан ол өзін бала сезініп, ересек болған шақта да жауапкершілік алудан қашады. Әке-шешесі бала күнінде қалай киіндіріп, тамақтандырса, өскен кезде де өзіне олардың дәл осылай қамқор болғанын қалайды. Ақырында жауапкершілікті өзі де, ата-анасы да алғысы келмегендіктен, оны Алла тағалаға артады", — деді ол.

Жастар үшін сыни көзқарастың орны маңызды

Сондай-ақ, психоаналитик психоанализ бен дінді қарама-қарсы қоймауға шақырды. Яғни аталған ғылым ешуақытта дін мен құдайды жоққа шығармайды. Міндетті түрде әр адамның жан дүниесінде рухани күш беретін жаратушыға деген сенім болады. Керісінше сол сенімді өзімен бірге алып жүруге, жүрегінде сақтауға тырысу қажет. Бастысы, жан-жарасын психоаналитикке, психологқа, психотерапевт маманға емдетудің орнына дінмен бүркенбеген жөн.

никаб киген әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дін министрі қысқа балақ пен сақалға тыйым салу ұсынысына қатысты түсініктеме берді

"Осы күнге дейін Қазақстаннан Сирияға кеткен жастардың әке-шешелерімен, жақын туыстарымен сөйлестім. Кез келген уақытта тегін көмек бере алатынымды айттым. Ол жастар қазір ұлттық қауіпсіздік комитетінің қадағалауында. Осы комитеттің өз психологтары емдейді. Әңгімелесіп отырып осы жастардың барлығы Қазақстандағы тоқырау кезеңінде дүниеге келгеніне назар аудардым. Дәл мұндай теріс жолға түсіп, бармақ тістеп қалмас үшін жастарымыздың сыни көзқарасы қалыптасқанын қалаймын. Ақпарат билік құрған заманда ішінен тек пайдалысын алу — оңай емес", — деп тілек білдірді Жұлдыз Төлеуова.

Жаңалықтар
0