Малика Мұхитова

"Ескендірді түсімде көрдім" Полковниктің қызы сотта соңғы сөзін сөйледі

19235
(Жаңартылды 20:47 15.11.2018)
Сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан оған рақымшылық жасап, бас бостандығынан айырмауды сұрап жылады

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Бүгін Астана қалалық екінші сотында айыпталушы Малика Мұхитова соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сотта соңғы сөзін сөйлеген Малика Мұхитова марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрады. 

"Қолдарыңыздан келсе, мені кешіруді өтінемін…Бұл қаншалықты қиын екенін түсінемін. Мен бұлай болғанын шын жүректен қаламап едім. Тағы да қайталап айтамын, егер мен оны дер кезінде көргенде, қайғылы оқиғаға жол бермес үшін барлық шараны қолға алатын едім. Өтінемін, рақымшыл болыңыздар, менде ешқашан мұндай мақсат болған емес. Сол күнді еш уақытта ұмытпаймын. Сол күннен бастап бүкіл өмірім өзгерді", — деп көзіне жас алды сотталушы. 

Малика анасы әр жұма сайын шелпек пісіріп, Ескендірдің жаны о дүниеде тыныштық тапсын деп жалбарынатынын айтты.

"Бұлай болғанын қалаған жоқпын. Егер сіздерде бір тамшыдай түсіністік болса, тағы бір мәрте өтінемін, мені кешіріңіздерші", — деп жылады ол. 

Айыпталушы осыдан екі ай бұрын марқұм оның түсіне кіргенін айтты.

"Ақ киіммен жағажай маңында жүгіріп жүр екен. Маған қарап күлімсіреді, бір кішкентай қызбен ойнап жүрді. Сол сәтте мен онда бәрі жақсы шығар деп ойладым", — дейді Малика. 

Сотталушы Ескендірдің ата-анасынан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

"Әке-шешемді, туған-туысқандарымды, ата-әжемді аяңыздаршы. Өтінемін, кешіріңіздер, мені бас бостандығымнан айырмаңыздаршы", — деді Малика Мұхитова. 

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 27 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді.  Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова қағып кеткен. 29 жастағы Малика Мұхитова өткен аптада өткен сот отырысында марқұмның ата-анасынан жылап кешірім сұрады. Өзінің кінәсін толығымен мойындап, зардап шеккен тарапқа материалдық шығынды төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

24 қазанда өткен сот отырысында зардап шеккен тарап сотталушыдан 14 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді талап еткен еді. Алайда кейін марқұмның отбасы ол талап-арызды қайтарып алды. 

9 қарашада өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Әлішер Бараев айыпталушы Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айыруды және үш жыл көлік жүргізуге тыйым салуды сұраған еді. 

Бүгін марқұмның ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жасап, сотталушының шын өкінгеніне сенбейтініне айтты.

19235
Кілт сөздер:
сот ісі, үкім, соңғы сөз, қайғылы оқиға, жол апаты, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Астана
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы қанша жылға сотталуы мүмкін?
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: отбасы полковниктің қызынан 14 млн теңге сұрады
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Медициналық маска

Бетперденің бағасы арзандайды денсаулық министрлігі

9
Алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық масканың алты есеге қалайша қымбаттағанын түсіндірді. Жылдың басында оның бағасы 15 теңге болса, бүгінде 85 теңге тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, коронавирус пандемиясы басталғанда көптеген мемлекеттер медициналық маска сияқты қорғаныс құралдарыны шетелге шығаруға тыйым салды. Қазақстан да солай істеді. Бірақ елде бетперде тігілсе де, қажетті шикізат шетелден жеткізіліп тұрған. Отандық кәсіпкерлер көрші Қытай елінен алып жүрді. Ал шекара жабылғасын шикізатты жеткізу қиындады.    

"Отандық өндірушілер медицина мамандарын маскамен қамтамасыз етуге кірісті. Себебі ұзақмерзімді келісімшарттар бар. Шыны керек, дәл сол кезде нарықта медициналық бетперденің тапшылығы пайда болды. Содан масканың бағасы өсіп кетті", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, алыпсатарлар көбейіп кеткеннен кейін мемлекет тарапынан шекті бағалар енгізілді. Алдымен бір медициналық бетперденің бағасы 118 теңгеден аспау керек деген шешім шығарылды. Одан кейін оны тағы да төмендетті. Дегенмен, шетелден келетін шикізат арзандаған жоқ, керісінше, қымбаттап кетті. 

"Сондықтан масканың бұрынғы бағасы, яғни, 15 теңге енді болмайды. Алайда біз отандық өндірушілерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бәлкім, алдағы уақытта бетперденің бағасын 60 теңгеге түсіретін шығармыз", - деді Бюрабекова.

 

9
Тақырып бойынша
"СК-Фармация" басшысы атышулы фотосын не себепті алып тастағанын түсіндірді
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Медицина қызметкері

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

922
(Жаңартылды 15:20 07.08.2020)
Ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына арналған болжамды әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. 

Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр. 

"Демек, бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

922
Кілт сөздер:
коронавирус, вице-министр, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді – видео