Ерлан Сағадиев

Министр Астанадағы элиталы мектептен қуылған мұғалім жайлы естімеген

203
(Жаңартылды 18:31 14.11.2018)
Бұған дейін Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылғаны хабарланған болатын

АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елордадағы элиталы мектепте болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сағадиев ведомство болған оқиғаға қатысты әлі сауал жолдамағанын және жазбаша жауап алмағанын мәлімдеді. 

"Біз әлі жауап сұратқан жоқпыз, енді жолдаймыз. Қандай оқиға туралы сөз болып отырғанын білмеймін", — деді министр үкімет кулуарында. 

Ол мұғалімге қатысты қандай шаралар қолға алыну қажет екені әзірге белгісіз екенін айтты. 

Бұған дейін Астанадағы QSI (Quality Schools International) халықаралық мектебінің мұғалімі оқушыға қатысты "орынсыз әрі кәсібилігіне жат әрекет" жасағаны үшін жұмыстан қуылған еді. 

Мектеп әкімшілігі оқытушының әрекеті қылмыстық сипатта болмаса да, QSI мұғалімдерінің келісімшарты мен кодексіне қарама-қайшы болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты мұғаліммен арада жасалған келісімшарт бірден күшін жойған. Шетелдік мұғалім бір тәулік ішінде Қазақстаннан кетті. 

Бейресми ақпарат бойынша, жұмыстан қуылған мұғалім Стивен Своруп Джексон болуы мүмкін. 


203
Кілт сөздер:
шетелдік, оқушылар, мектеп, мұғалім, Ерлан Сағадиев, Астана
Тақырып бойынша
Есің дұрыс па? Мұғалім оқушының киген киіміне тиісіп жылатып қойды- видео
Астанада 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады
"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді
Мұғалім оқушының маңдайына "жынды" деп жазып жатқанда күтпеген оқиға болды
Сағадиев хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген мұғалімдерді жақтады
Әлеуметтік желіні шулатқан алматылық мұғалім жазасын алды
Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді
Дариға Назарбаева: мектеп асханасында той жасайтындар ақы төлеуі тиіс
Загрузка...