Малика Мұхитова

Министр Мұхитованың әкесі қызметінде қала ма деген сұраққа жауап берді

2370
(Жаңартылды 12:45 14.11.2018)
Ескендір Сүлейменов қаза болған жол апаты бойынша сот үкім шығарып, айыпталушы Малика Мұхитованы екі жылға бас бостандығынан айырды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы екі жылға сотталған Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитовтың қызметінде қалатынын айтты, деп хабарлайды  

Журналистер министрден "Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Мұхитов қызметін жалғастыра бере ме?" деп сұрады.

"Конституция бойынша біз қандай наразылық білдіре аламыз? Ол үлкен адам, 29 жаста, бөлек тұрады. Құқықбұзушылық жасады. Енді біз бүкіл туыстарын жауапқа тартуымыз керек пе? Менің ойымша, бұл сұрақ дұрыс емес", — деп жауап берді министр. 

Еске сала кетейік, Астана қаласы Есіл ауданының екінші қалалық сотында Ескендір Сүлейменов қаза болған жол апаты бойынша іске нүкте қойылды. Сот айыпталушы Малика Мұхитованы кінəлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі, сондай-ақ бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Мұхитова жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы — өтейді.

2370
Кілт сөздер:
Қалмұханбет Қасымов, Олжас Сүлейменов, Ескендір Сүлейменов, Малика Мұхитова
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
"Кінәлі екеніне күмән жоқ". Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы полковниктің қызын кешірмеді
"Ескендірді түсімде көрдім" Полковниктің қызы сотта соңғы сөзін сөйледі
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: ата-анасы халыққа үндеу жасады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Судья марқұмның анасының сөзін жоққа шығарды
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Загрузка...