Қоғам

Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының әке-шешесіне жазған хаты жарияланды

© Photo : Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в FacebookАқжаркын Тұрлыбай мен адвокат Сұңқар Нұрмағанбетов
Ақжаркын Тұрлыбай мен адвокат Сұңқар Нұрмағанбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт жылдан астам уақыт Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай отбасын қатты сағынғанын жазды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik.  Қытай түрмесінде жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай отбасына хат жазып жіберді.  Қытай тілінен қысқартылып аударылған хатты Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов журналистерге берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

СІМ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

"Қымбатты, әкешім, анашым!

Сәлеметсіздер ме. Төрт жылдан бері сіздерге алғаш рет хат жазып отырмын. Өздеріңізді қатты сағындым! Аяулы анашым, мен үшін көп уайымдамаңыз, денсаулығыңызды күтіңіз, біз бір отбасымыз ғой! 

Денсаулығым жақсы, күнделікті спортпен айналысамын. Көп нәрсе үйрендім. Кішкентай қыз есейді. Бұл мүлде басқа адамдар, басқа мәдениет, білім деңгейі басқа. Мен көп нәрсені түсіндім. Сіздердің фотосуреттеріңізді алып, қарап шықтым, үйде бәрі өзгеріпті, сіңлім өсіп, құлпырып кетіпті, ал інім үлкен азамат болыпты", — деп жазған Ақжарқын.

Ол әке-шешесінен үміт үзбеуін, сабыр сақтап, күте тұруын өтінген.

"Қазір өте күштімін, соңына дейін аяғымда тік тұра аламын, үміт үзбеңіздерші. Сіздер маған әрдайым қолдау жасап, үмітімді үзбеуге көмектесетіндеріңізді білемін. 

Атам мен әжемнің қызықты әңгіме айтып берген кездерін еске аламын. Әр туған күнімде торт, бәліш жейтінбіз, мерекелерге сыйлық алған кездерім, бәрі-бәрі есімде. Сіздерге рахмет!", — деп түйіндеген Ақжарқын Тұрлыбай.   

Ақжарқын Тұрлыбайдың хаты
Ақжарқын Тұрлыбайдың хаты - Sputnik Қазақстан
Ақжарқын Тұрлыбайдың хаты

Еске сала кетсек,  Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

 

 

Кейін апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды.

Жаңалықтар
0