Қоғам

"Жүрегім айниды". 30 жыл шылым шеккен Алматы тұрғыны бір-ақ күнде қалай қойғанын айтты

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтушылым
шылым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін, 15 қарашада, әлем халқы темекіден бас тарту мерекесін атап өтіп жатыр. Осы орайда, Алматы тұрғыны 30 жыл тартқан темекісін тастауға не себеп болғанын баяндап, қазақстандықтарды бұл зиянды әдеттен аулақ болуға шақырды

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. 54 жастағы Сағындық Шілікбай Қазақстан жұртын Халықаралық темекіден бас тарту күнімен құттықтай отырып, 30 жылдан кейін бір-ақ күнде бұл зиянды әдетінен қалай арылғанын тілшісіне айтып берді. 

Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жылы аялдамада шылым шеккені үшін Астана тұрғынына айыппұл салынды
Кейіпкер бұған өзінің өлім мен өмір арасында арпалысқан күндері мен сүйікті жарының себепші болғанын айтады. Ол мектепте тек бестік бағамен оқыған оқушы болғандықтан, алдағы өмірінде зиянды әдеттерге мұншалық әуес боламын деп ойламаған екен.

"Әке-шешеміз жастайымыздан "Басқаның ала жібін аттама, зиянды әдеттерден аулақ бол" деп өсірді. Мектепте үздік оқушылардың қатарында болғандықтан, еш уақытта шылым шегемін деп ойламаппын. Біздің заманда үздік оқушы мен зиянды әдеттер қатар тұрмайтын түсініктер еді. Барлығы әскерге барған соң басталды. Денсаулық жағдайыма байланысты әскерге бір жыл кеш бардым. Құрдастарымнан қалып қойдым деп іштей қатты қынжылдым. Өйткені, әскерге бармау өзіңнің ер азамат екеніңді дәлелдей алмаумен тең еді", — деді ол.

Барлығы әскерден басталды

Сағындық Шілікбай шылымды әскердегі жасы үлгендерге қызығып тарта бастаған. Оның үстіне әскерде шылымның түр-түрі болған екен. Жұрт ойлағандай қолдан жасалғандар емес, дүкенде сатылатын қымбат түрі. Бастапқыда бір рет дәмін тартып көрген соң, екінші рет мүлдем ауызға алмаймын деп ойлаған. Алайда бұл ойы жүзеге аспай, зиянды әдеті 29 жылға ұласқан екен.

Тағы оқыңыз:

"Шын мәнінде, әскердегі өмірдің өз қызығы мен шыжығы бар. Ол замандағы әскер қазіргіден мүлдем басқа сияқты көрінеді. Гитара мен өлең айтып, бір-бір суретті құшағымызға басып алып сағыныштың жетегінде жүретінбіз. Сүйіктіңе, ағайын-туыс, бауырыңа, әпке-қарындасыңа хат жазудың қаншалықты жүрекке жылу сыйлайтынын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Екі жыл құдды жиырма жылдай көрінетін еді", — деп әскердегі қиын да қызықты күндерін еске алды.

Темекі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Басқалар түрмеге қамайды". Қазақстанда ұшақта темекі тартқандар қатаң жазаланбақ
Мұнымен қатар, Сағындық Шілікбай әскерде көптеген адал дос табуға және сол достықты әскерден кейін де жалғастыруға болатынына тоқталды. Арада 30 жылға жуық уақыт өтсе де, әр мерекеде жиналып, бала-шағалары да өзара жақсы араласады. Бірақ ХХІ ғасыр балалары мұндай әдеттерден аулақ. Айтуынша, олар бас қоса қалса, қызықты жобаларды немесе фильм, кітаптар туралы пікір алмасуға кіріседі.

Шылым шегіп көрмеген сарбаз болмайды

"Меніңше, әскерде шылым шегіп көрмеген сарбаз болмайды. Ол өзіңді ересек сезінуге ғана емес, күйзелістен арылуға көмектесетін сияқты. Әскерде түрлі жағдай болады. Жүйкең қатты сыр беріп кететін кездер де аз емес. Сондайда осы шылым жақсы екен. Бірақ өзімнің және құрдастарымның бала-шағасына қатты таңғаламын. Жастары кіші болса да, өмірдің қаншалықты құнды екенін түсінеді. Егер менен "Осыдан 30 жыл бұрынғы уақытқа оралсаңыз, шылым шегер ме едіңіз?" деп сұрайтын болсаңыз, мен "Жоқ" деп жауап беретін едім. Себебі, осының салдарынан денсаулығым қатты нашарлап кетті", — деді Сағындық Шілікбай.

Тағы оқыңыз:

Ұзақ уақыт шылым шеккендіктен, өкпесі ауырып, есту қабілетіне зақым келген. Жанында отырған адамдардың сөзін толықтай ести алмағандықтан, жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болған. Құлағы жастау кезінен ауыра бастағандықтан, қатарластарынан да намыстанған. Осы орайда, бала-шағасы аппарат алып тағуды ұсынған екен. Алайда Сағындық Шілікбай жұмыссыз қаламын деп қорқып, одан бас тартады. Өйткені, жұмысы үшін есту қабілеті өте маңызды.

Қазақ пен несие егіз ұғым

Сәби - Sputnik Қазақстан
Темекі шеккен әйел екі айлық сәбиін өртеп жібере жаздады
"Ең бірінші кезекте жұмыстан шығып қаламын ба деп қорықтым. Өйткені, отбасымда бәрі жұмыс істегенімен, асыраушы мен ғана едім. Оның үстіне қазақ пен несиенің қаншалықты егіз ұғым екенін білесіздер. Соның барлығы жаныма қатты батты. 2010 жылы үш жерімнен грыжа болып, төсек тартып жатып қалдым. Ота жасаған дәрігер "Шылымды қоймасаңыз, құлақтан да, басқадан да айырыласыз" деп қорқытты. Қазақ қашан дәрігерді тыңдап еді (Күлді)?! Отадан кейін де екі жыл шылым шектім", — деп бұл әдетінен бірден арыла қоймағанын жеткізді.

Сағындық Шілікбай төсек тартып жатып қалған жылы қызы 9-сыныпты, ұлы 11-сыныпты бітіріп жатқан. Яғни екеуінің бітіру кешіне және оқуына көп қаражат керек болған. Бұрын-соңды жиналған ақшаның бәрін еміне жұмсағандықтан, балаларының болашағын жасай алмадым деп қатты қиналған. 

Өмір мен өлім арасындағы арпалыс

Кейіпкеріміз араға 30 жыл салып зиянды әдетінен түбегейлі бас тартуға шешім қабылдайды. Себебі, күніне бір қорап темекі тартатын болған екен. Ал бір қорапта 20 дана темекі бар.

"Ота жасалған күн әлі есімде. Өмір мен өлімнің арасында арпалысқан соң, алдыңғысын бағалай бастайды екенсің. Бір сәтте бүкіл өмірім көз алдымнан өткендей болды. Шыны керек, бала-шағаны асырау деп шауып жүріп, ойлануға мүлдем уақыт болмайтын. Отадан кейін бір апта ауруханада жатып бәрін жақсылап еске алдым. Тіпті, өзімді кішкентай баладай сезініп, қай туысым келді-келмеді деп ойша тізім жасадым. Ең бастысы, көп нәрсе ой елегінен өтті. Өмірге жаңа туғандай әсерде болдым", — деп өмірінің бір сәтте өзгергенін еске алды.

Тағы оқыңыз:

Алматы тұрғыны темекіні қыстың қақаған аязында далада тұрып тартатын болған. "Қиналған, мазасызданған сәтте шылымның қаншалықты ләззат сыйлайтынын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес" дейді ол. Десе де, екі жылдан кейін бар күш-жігерін жиып, бұл зиянды әдетінен арылуға шешім қабылдайды.

Ол көбіне темекінің қымбат түрлерін ғана тартқан. Айтуынша, зиянды әдетінен арылуға денсаулық жағдайы ғана емес, материалдық жағдайының төмендеуі себепші болған. Себебі, ол уақытта 100-400 теңгенің өзі көп ақша. Өзіне осы әдетінен арылуға әйелінің ескертулері көмек болғанын айтады.

Ер-азаматтың қамын өзі емес, әйелі ойлайды

Темекі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өскеменде темекі сұраған ер адамды жауыздықпен өлтіріп кеткен
"Ол уақыттарда екінің бірі мұндай қымбат темекі алып шеге алмайтын. Көп ұзамай менің де қалтамды қақты. Оның үстіне әйелім "Құлағың құриды, нанға ақша жоқ" деп ұрыса берді. Мұндай сөздерді күнде және бірнеше реттен естісеңіз, кез келген зиянды әдетіңізден арыласыз деп ойлаймын (Күлді). Осы үшін әйеліме алғысым шексіз. Ер-азаматтың жағдайын өзінен бұрын әйелі ойлайды", — деді кейіпкер.

Әрі қарай Сағындық Шілікбай темекіден бас тартуға тәтті тағамдардың және спорттың айтарлықтай көмектесетініне тоқталды. Бірақ, алдымен, төзімділік және өзіңе берген уәдені орындауға күш-жігер қажет.

"Әйелімнің әлгі сөздерінен кейін көп ойланып жүрдім. Бала-шағаммен, сүйіктіммен көбірек уақыт өткізу үшін ғұмырымның ұзағырақ болғанын қалайтынымды түсіндім. Қорапта соңғы 4 темекі қалған екен. Қарап тұрдым да "Бұдан былай біздің жолымыз мәңгілікке айырылды. Енді бір-бірімізді мазаламайық" деп іштей күліп, қоштастым. Ақыры осы төрт темекіге қол тигізген жоқпын. Үйге келген құрдастар тартты. Әрине, бастапқыда қиын болды. Екі аптадай тәтті тағамдарға әуес болдым. Арасында үйде спортпен шұғылдандым. Бүгінде шылымға қарасам, жүрегім айниды. Оны қалайша ауызға алдым деп ойлаймын. Сондай жиіркенішті болып көрінеді", — деді ол.

Денің сау болмаса, сен ешкімге керек емессің

Сағындық Шілікбай өзі үшін осылай шешкенімен, бүгінде кәмелеттік жасқа толған балаларының жеке таңдауына араласпайтынын айтады. Яғни олардың шылым шеккенін көрмесе де, еш уақытта белгілі бір нәрсеге тыйым салған емес. Себебі, бұл өмірде әр адам өз таңдауын жасауға, мейлі жақсы-жаман болсын, тәжірибесін жинауға құқылы. Десе де, әр адамға өмір атты ұзақ жолда өкінетіндей әрекеттер жасамауға кеңес береді.

Тағы оқыңыз:

"Қазақ қашан да тақалғанда жүгіреді ғой. Бұл шылым мен алкогольден де қауіпті әдет деп ойлаймын. Одан арылсақ игі еді. Әр қазақ, жер бетінде өмір сүріп жатқан әр азамат — менің жалғызым. Әрқайсысына ең бірінші денсаулық тілеймін. Денің сау болмаса, сен айналаңдағыларға, ал айналаңдағылар саған керек емес. Сондай-ақ, белгілі бір шешім қабылдайтын кезде "Дәл қазір өлім аузында жатсам, не істер едім?" деген оймен қабылдаңыз. Уақытыңызды жаныңызға ләззат сыйламайтын адамдарға, шын айналысқыңыз келмеген жұмысқа, еш пайдасы жоқ отырыстарға арнамаңыз. Табиғатымнан ақыл айтуға құмар емес жан едім. Бірақ, мен өткен жолдан өзгелердің жүргенін қаламаймын. Жалпы аман болыңыздар", — деп Сағындық Шілікбай Қазақстан халқын бүгінгі мерекемен құттықтады.

Психоаналитик мамандардың зерттеуі бойынша, адам шылым шегу және ішімдікке әуес болу арқылы бойын билеген үрей, мазасыздық, қобалжу секілді сезімдерден арылады. Яғни бұл екеуі адамның ойына анасының омырауын немесе бөтелкемен ішкен сүтті түсіреді. Тым үйір болып кетсе, физиологиялық денсаулықтарына ғана емес, психикалық дамуына да кері әсерін тигізеді.

Ал Сіздің қандай зиянды әдетіңіз бар? Одан арылу үшін не істеп жүрсіз?

Жаңалықтар
0