Sputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты

Илья Ильин: Денисті әлі жоқтап жүрмін

66
(Жаңартылды 15:54 16.11.2018)
Ауыр атлеттің пікірінше, спортшылар өз-өзін күтіп, өміріне мұқият болуы керек

АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин елдегі жағдайға алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Денис Тен
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Илья Ильин осы жазда автоұрылардың қолынан қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен кеше ғана көмір кезегіндегі төбелестен ажал құшқан дзюдошы Жасұлан Әбиевтің өліміне қатысты пікір білдірді. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы елдегі жағдайға алаңдайтынын жеткізді. 

"Деніс менің інім болатын, әлі күнге дейін жоқтап жүрмін, ойымнан кетпейді. Бұл жайында дұрыстап ойланып, күрделі мәселелерді шешу керек. Өкінішке қарай, бұл өмір. Қауіптің қай жақтан келерін ешкім алдын ала болжай алмайды. Мемлекет те халықтың қауіпсіздігін ойлауы керек", — деді Ильин Sputnik Қазақстан алаңында өткен баспасөз мәслихатынан кейін. 

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болған еді. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады.  Үш литр қан жоғалтқан спортшы кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. 

Сондай-ақ, 12 қараша күні Семейде көмір разрезінде дзюдошы Жасұлан Әбиев ауыр жарақат алып көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, көмір кезегінде төбелес болған. 

 

66
Кілт сөздер:
дзюдо, спортшы, ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, көмір, Денис Тен, Илья Ильин, Астана
Тақырып бойынша
Илья Ильин спорттық формасын аукционға қояды
Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Загрузка...