Зорлық-зомбылық

Қазақстандық қыз БАӘ-де секс-құлдықта болған 18 жастағы бойжеткеннің аянышты тағдыры

2614
(Жаңартылды 10:49 20.11.2018)
Мәжбүрлі түрде жезөкшелікпен айналысқан бойжеткен жүкті болып, венерологиялық дертке шалдыққан

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Қазақстандық қыз Біріккен Араб Әмірліктерінде секс-құлдыққа тап болған, бірақ жолы болып, отанына оралуға мүмкіндік алады. 18 жастағы Ақботаның басынан өткен жайтты "НеМолчи.kz" қозғалысы сайтында оның көшбасшысы Дина Ысмайылова айтып берді.

Жазба авторы айтқандай, жұрттың назарына ұшырамас үшін оқиға кейіпкерінің есімін өзгертіп алыпты.

Ақбота атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Ата-анасы ажырасқан, анасы "әкеңе тартқансың" деп үнемі қызының жер-жебіріне жететін көрінеді.

"Ол атасын жанынан артық жақсы көретін. Ол кісі өте мықты ұстаз болған. Тіпті қазір есіне түсірген сайын көзіне жас алады, өйткені көзінің қарашығындай мәпелеп өсірген жалғыз арқа сүйері болатын. Атасы 16 жасында қайтыс болған екен", — дейді Ысмайылова.

Автордың сөзіне сүйенсек, атасының қазасынан кейін Ақбота анасының қолында тұрады, бірақ екеуінің қарым-қатынасы түзеле қоймайды. Бойжеткен отбасынан көрмеген махаббатты басқа жақтан іздей бастайды. Өз күнін өзі көру үшін даяшы болып қызметке тұрған. Бір жолы анасымен ренжісіп, құрбысының үйіне қонуға барады, сол түні Ақботаны зорлапты. Тағы бір кикілжіңнен соң Біріккен Араб Әмірліктерінде үй тазалаушы болып жұмысқа тұрғызуға уәде берген таныс әйелдің көмегіне жүгінген.

Қыздың әбден "басын айналдырады": шетелге кетпей тұрып, арам іске қатысы бар басқа бір әйелдің қолында тұрады. Ол Ақботаның асты-үстіне түсіп, күтіп, БАӘ-де керемет өмір сүретініне уәде береді.

"Ақыры кететін күн де келеді: әуежайда көлік пен микроавтобус күтіп тұрады, алдағы өмірінен зор үміт күткен жап-жас қыздар да болған! Қыздар мінген автобус бірден ұшаққа бет алады. Олар бұған одан сайын мәз болып, паспорттық бақылаудан өтпегенін қаперіне де алмаған. Бәрі ойдағыдай болып көрінеді", — деп Дина Ысмайлова кейіпкердің тағдырын әрі қарай баяндайды.

Ақбота алданғаны туралы шетелдегі қонақүйде бір-ақ біледі.

"Қонақүйге әкеліп, құжаттарын тартып алып, кезекке тұрғызғанда, іші бір жамандықты сезген. Наразылығын білдіргенде, аяусыз соққыға жығылады.  Алғашқы күннен қатты ұрып-соққаны сонша, екі күн бойы қан жөтеліп, үсті-басы көк ала қойдай болып жүрген. Оларды терезесі жоқ жеке бөлмелерге қамап қойып, клиент келгенде ғана есікті кілтпен ашады… Бұл азап жеті айға созылған, лас жатын орын мен клиенттер әлі күнге дейін есінен кетпейді, әлі күнге дейін адамдарға сенуді қайта үйреніп, анасын кешіре алған жоқ, әлі күнге дейін басқа бір ер адаммен бақытты болып, өзін арам сезінбейтін күнге жететініне сенбейді", — дейді Ысмайылова.

Ақбота үйіне қашып келеді, бірақ көп ұзамай аяғы ауыр екені анықталған. Онымен қоймай, венерологиялық ауру жұқтырыпты. Қыз сәбиін дүниеге әкеліп, бар өмірін соған арнағысы келеді.

Ысмайлованың айтуынша, қазір Ақбота сәбиімен бірге халықаралық құқық қорғау ұйымының бағдарламасы бойынша алыс шетелге кетіп қалған.

2614
Кілт сөздер:
секс-құлдық, бойжеткен, жезөкшелік, шетел, БАӘ
Тақырып бойынша
Астанада тараздық жігіт қалыңдығын секс-құлдыққа сатып жіберген
Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

38
(Жаңартылды 14:18 09.07.2020)
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 инфекциясынан жақындары қайтыс болған қазақстандықтарға көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжатта.

Республикалық арналардан көрсетілген үндеуінде президент қазақстандықтарды бірлікке шақырды.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы отандастарды дәрі-дәрмекті жаппай сатып алмауға, коронавирус пандемиясы кезінде төзімділік танытуға үндеді. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жүйелі қателіктер жібергенін, ал өңір әкімдері баяу жұмыс істегенін мәлімдеді.

Аза тұту күні қай кезде жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

38
Кілт сөздер:
жарлық, аза тұту, коронавирус
Гүл, архивтегі фото

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

349
(Жаңартылды 14:00 09.07.2020)
Дүйсекеев 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаралы хабарды растап, композитордың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын жеткізді.  

Кеңес Дүйсекеев туралы не білеміз

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.

1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық – талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде" секілді теледидарға арналған бағдарламалар шығарылды.

1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадиокомитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

1997 жылы "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Кеңес Дүйсекеев "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің, "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының және 200-ге тарта әннің авторы.

Композитор 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

2005 жылы Дүйсекеевке "Құрмет" ордені, 2014 жылы "Парасат" ордені берілді.

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды 

349
Кілт сөздер:
композитор
Тақырып бойынша
Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды
Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
"Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Хамит Санбаев дүниеден озды
Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады: белгілі ғалым дүниеден өтті