Кісен

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырдан елге жеткізілді

344
(Жаңартылды 14:28 21.11.2018)
Ер адам кісі өлтіргендерді жақтап, сотта жалған мәлімет берді деген күдікке ілінген

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Мысыр билігі халықаралық іздеу салынған қазақстандықты экстрадициялады.

Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерполымен бірге Мысырдан Бейбіт Серғазиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады.

Бас прокуратура баспасөз қызметі атап өткендей, ұсталған азамат кісі өлтіргендерді жақтап, сотта әдейі жалған мәлімет берген болуы мүмкін.

Серғазиев ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан қашқаннан кейін, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.

Қазақстандық Астананың тергеу абақтысына қамауға алынды, сот үкімі шыққанша сонда болады.

Бұдан бұрын Қазақстанға Түркиядан Елдос Күншығаров экстрадицияланған. Ол 2011 жылы Атырауда террорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген болатын.

344
Кілт сөздер:
азаматты отанына экстрадициялау, халықаралық байқау, Қазақстан, Мысыр
Тақырып бойынша
Америка түрмесінде жазасын өтеген қазақстандық студент елге оралды
Атырауда теракт жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді
Стамбул әуежайында қаза болған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі
Литвада ұсталған Қазақстан елшілігінің қызметкері елге қайтарылды
Иорданияда екі баласымен тұтқында болған қазақстандық әйел елге оралды
Вице-министр Қытайдың қазақтарды неге елге жібермей отырғанын айтты
Ұлттық банк шетелдегі миллиардтаған долларды елге қалай қайтаратынын айтты
Загрузка...