Назарбаев полицейлердің жаңа формасымен танысты

POLITSIIA: Назарбаев полицейлердің жаңа формасымен танысты

463
(Жаңартылды 19:27 21.11.2018)
Ішкі істер министрі қазақстандық құқық қорғаушылардың жаңа формасының артықшылықтары туралы айтты

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық полицейлердің жаңа формасын көрді.

Ішкі істер органдары қызметін жаңғырту мәселелері бойынша өткен жиналыс кезінде мемлекет басшысына жаңа нысанды киімнің ақтық нұсқасы таныстырылды.

Қазақстанда тәртіп сақшылары алдағы уақытта қара көк түсті киім киетін болады. Полицейлердің формасында POLITSIIA сөзі пайда болады, латын әліпбиіндегі бұл жазу шеврондарға да жазылады. Киімнің қандай ыңғайлы екенін Назарбаевқа ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтып берді.

Полицейлер жаңа форманы жаңа жылдан бастап киеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

ІІМ басшысы айтқандай, қызметкерлер жаңа формаға бұдан бұрын ведомствоны реформалауға бөлінген 326 миллиард теңге аясында ие болады.

Қасымовтың сөзіне жүгінсек, төрт жыл ішінде полиция қызметкерлі ыңғайсыз әрі тым ресми форманы ауыстыруды талай рет сұраған екен.

Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ реформасы бойынша жиналыста сөйлеген сөзінде министрлікте штат қысқарып, кезектен тыс аттестация өтетінін айтып өтті.

Бұдан бөлек, полицейлердің жалақысын көтеру үшін қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінеді.

463
Кілт сөздер:
реформа, полиция, ІІМ, Қалмұханбет Қасымов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Полиция тіркеусіз жүргендерді анықтауға кірісті
Полиция балаларды ұрламақ болғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді
ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің полиция полковнигі ұсталды – видео
Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео
Загрузка...