Портфель

"ҚазМұнайГаз" бен ҚТЖ компанияларына жаңа басшы тағайындалды

870
(Жаңартылды 14:01 21.11.2018)
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жаңа басшыларды ұжымға таныстырды

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының жаңа төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды  

Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Сауат Мыңбаевты таныстырды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" баспасөз қызметі. 

Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін атап өтті.

Сауат Мыңбаев әр жылдары қаржы құрылымдарында түрлі лауазымдарда еңбек етті. Ол қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министр орынбасары, индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасы төрағасы қызметін атқарды.

Ал "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған еді.  

Әртүрлі жылдары Алик Айдарбаев "Оңтүстікқазмұнайгаз", "Құмкөл-ЛУКОЙЛ", "МаңғыстауМұнайГаз", "ҚазМұнайГаз" компанияларында баcқарушы лауазымдарын атқарды. Ал 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2018 жылдың қаңтар айына дейін инвестиция және даму бірінші вице-министрі болды. Осы қызметтен кейін "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасарлығына тағайындалған болатын.

870
Кілт сөздер:
басшы, кадрлық тағайындаулар, ҚазМұнайГаз, ҚТЖ, Алик Айдарбаев, Сауат Мыңбаев
Тақырып бойынша
Назарбаевтың көмекшісі тағайындалды
Есен Елеукен басшылық қызметке тағайындалды
Бас көлік прокуроры тағайындалды
Назарбаев Астана әкімін неге ауыстырғанын түсіндірді
Назарбаев қорғаныс министрін неге ауыстырғанын түсіндірді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

239
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

239
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады

200
(Жаңартылды 20:02 27.05.2020)
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі бірлесе Алматы және Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияның видеосын жариялады. Операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі қылмыстық топ әрекетінің жолын кесілді. 

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыс атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Екі топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталғандар бар, кейбірі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілерімен байланыста болған.

Топ қатысушыларының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қарудың 11 түрі , 200-ден артық оқ-дәрі алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

 

 

200
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, ҰҚК, арнайы операция
Тақырып бойынша
ҰҚК Ақмола облысында өткізілген операцияның видеосын жариялады
ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады
Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкері сотталып жатыр
ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
Цирк, архивтегі сурет

Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

0
(Жаңартылды 09:09 28.05.2020)
Ер адам бірнеше жылдан бері қытайлық циркте жұмыс істеген. Оның сақтандыруы емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті.

Алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін, деп жазады "Костанайские новости". Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.

Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті.

Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. 

Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.

Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.

Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.

0
Кілт сөздер:
кома, Қытай, цирк әртісі, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды
Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр  
Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер
Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты
Хабиб Нурмагамедовтың әкесі комаға түсті - БАҚ