Әйел

"Құдай халықтың ақшасына зәру". Қарағандылық қыз өзін арбамақ болғандар туралы айтты

876
(Жаңартылды 12:32 23.11.2018)
Профессор Байжол Кәріпбай теріс дінді насихаттайтын ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Қарағандыдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген Найрият Бауыржанқызы теріс дін өкілдерінің ықпалына қалай түсіп қала жаздағанын баяндап берді. Бәрі үйлерінің жанына көшіп келген жаңа көршісімен танысудан басталған. Уақыт өте келе бойжеткен адамдардың санасын улап, дүние-мүлкін тартып алатын ұйымдардың бірімен де етене жақын болған. Яғни теріс діни ағымға кіріп кетпесе де, олардың адамдарды алдап-арбау үшін не істейтінін өз көзімен көрген.

Найрият Бауыржанқызының отбасы дәстүрлі дінді ұстанғанымен, көптеген қазақстандық секілді шариғатта жазылғанның барлығын бірдей орындамаған. Өзі дінге ағасының арқасында бет бұрған. Бірнеше жыл бұрын ағасы намаз оқуды бастап, көп ұзамай өзі де ислам дінін тереңірек білуге әрекет жасайды. "Өмірге не үшін келдім? Оның мәні неде? Ата-анамның ертеңі не болмақ?" деген сауалдар төңірегінде көп ойланып жүреді. Айтуынша, дінге біреудің жетегімен емес, саналы түрде келген.

"Шамамен екі жыл бұрын айналамдағылардың менің оранып, намаз оқып жүргенімді қаламайтынын байқайтынмын. Бірақ уақыт өте келе адамдардың хиджаб киген қыздарға көзқарасы өзгерді. Тіпті, керісінше қызыға қарайтындар қатары көбейді. Жалпы қоғамымызда діндар адамдарға деген көзқарас дұрысталып келеді", — деді Найрият Бауыржанқызы.

Дәмді ас пен фильм

Бұдан өзге бойжеткен теріс діни ағым өкілдерінің арбауына қалай түсіп қала жаздағанын баяндап берді. Яғни өзі жат ағымның жетегіне еріп кетпесе де, олардың адамдардың санасын қалай улайтынын өз көзімен көрген.

Тағы оқыңыз:

"Үш жыл бұрын Қарағандыға басқа қаладан оқуын тастап көшіп келген көршіммен таныстым. Оның неліктен оқуын әрі қарай жалғастырмағанын түсінбедім, десе де бұл туралы сұрамауды жөн көрдім. Бір апта өткеннен кейін ол мені қоныс тойға шақырды. Мені өте жақсы қарсы алды. Бірақ сөзімді бөліп, қыздың ата-анасының әңгімені дін тақырыбына қарай бұра бергені аса ұнамады. Бір уақытта саясат туралы әңгіме қозғап, оны жамандай бастады.

Сол сәтте олардың мемлекеттік құрылымды мойындамайтынын және оны өзгерткісі келетінін білдім. Сайлауға қатыспайды, әнұран айтудан бас тартады дегендей. Кейін маған өздерінің ұйымдарының фильмін көрсетті. Олар — Иегова ағымындағылар екен. Сол күні шыдамай қыздан неліктен оқуын бітірмей көшіп келгені туралы сұрадым. Ол діни оқу мен жоғары білім арасында осылай таңдау жасағанын айтты", — деді Найрият Бауыржанқызы.

Бойжеткен сол сәтте көп нәрсені түсіне алмағанын айтады. Себебі, осы күнге дейін бір нәрсеге өмір сыйлаудың орнына, оның бәрін талқандауды жөн көретін адамдармен бетпе-бет кездесіп көрмеген. Айтуынша, жаңа таныстары отбасылық құндылықтарға, білім мен саясатқа қадір-құрметпен қарамайды.

"Сол күні осы адамдардың үй-үйді аралап, әртүрлі кітапша тарататынын білдім. Бір үйге бірнеше рет баратын әдеттері бар екен. Бастапқыда оларды қуып шыққан адамдар ақырында жақтастарына айналып шығады. Біріншіден, бұл ҚР заңнамасына қайшы, екіншіден, мәдениет тұрғысынан өзгені бір нәрсеге мәжбүрлемеген дұрыс", — деді ол.

"Құдай халықтың ақшасына зәру"

Мұндай жағдай өмірінде бір рет болмаған. "Грейс" ұйымының өкілдерімен де етене таныс болған екен. Естеріңізге сала кетсек, бұл ұйымға қатысты сотқа дейін жеткен істер көп. Жаңалықтардан осы ұйымға тиесілі шіркеулерден психотропты заттардың табылғаны, шіркеуде адамдардың өзіне қол салып, арасында көшедегі адамдарды жөнсіз ұрып-соққаны туралы хабарланған еді. Бір күні Нидаят емханада Лариса есімді әйелмен танысады. Айтуынша, өте мейірімді әйел. Тіпті, ұзақ уақыт "Мұндай тамаша әйел жаман атты шіркеуге не үшін барып жүр? Бәлкім менің ол шіркеу туралы ойым қате шығар" деп ойлаған. Осындай күдікті ойларының барын ашып айтқанда, әйел оны шіркеуге шақырады.

Тағы оқыңыз:

"Жексенбі күні бір жиналысқа келдік, адам өте көп болды. Рәсімдері би билеп, ән айтудан басталады екен. Бұл нәрсе мені қатты таңғалдырды. Бәрінен бұрын келгендерден "Құдай халықтың ақшасына зәру", "Құдайдан ақшаңды аяма", "Бүгін еккеніңнің жемісін ертең көресің" деген сөздермен ақшаларын алып қойып жатқандары қатты таңғалдырды. Көкейімде "Құдайға ақша не үшін керек?" деген сауал туындады. Ұйымның жетекшілері өте қу екен. Бұрын-соңды да мұндай адамдардың мүлікті білдірмей тартып алатындары туралы оқыған едім", — деді ол.

"Адамдар теңселіп жылап жүр"

Нидаят Ларисамен біраз уақыт бойы сөйлесіп жүргенмен, кейін араларында байланыс үзіледі. Араға жарты жыл салып бойжеткен әйелдің қалын білу үшін шіркеуге кіреді. Шіркеуден оны таба алмағанымен, оғаш жағдайдың куәсі болады.

"Мен барған күні адамдар айқайлап, жылап, тізерлеп отырып, теңселіп, "Құдайға бәрін ашылып айта бастады". Мұның барлығы мен үшін жақсы әсер қалдырды деп айта алмаймын. Жылдам сыртқа шығып, мұндай күдікті ұйымдарға ешуақытта бармаймын деп шештім", — деді ол.

Радикалды ұйымдар қалай жұмыс істейді?

Осы орайда Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Байжол Кәріпбай бүгінде, өкінішке орай, дін мен соғыстың қатар жүретініне тоқталды. Сондай-ақ, "Грейс" секілді ұйымдардың адамдарды қалай алдап-арбайтынын айтып берді.

"Расымен де, дін бүгінгі қоғамның айнымас бір бөлігіне айналды. Бұл — бір аймаққа емес, барша планетаға тән құбылыс. Ол туралы сөз қозғамауға немесе назардан тыс қалдыруға болмайды. Дінге деген көзқарастың әртүрлі болуының салдарынан, бүгінде дін "экстремизм", "соғыс", "терроризм" сынды ұғымдармен қатар қойылып жүр. Бұл жағдайға қалай жеттік? Заманауи дискурс форматтарының бірі — жалған тәуелсіздік. Осы еркіндікке мас болған радикалды ойлайтын адамдар әлемге теріс діни аксиома мен аксиологемалар ұсынып жүр", — деді профессор.

Яғни адамдар бұл әлемді өздерінің экстремистік идеологема және алдын ала дайындалған жоспарларымен өзгертпек. Осындай бағдарламалардың бірі мемлекетті зайырлылықтан бас тартқызу. Ол үшін теріс ағымды насихаттайтын ұйымдар қайырымдылық науқандар ұйымдастырып, кедей азаматтарға көмектеседі, балаларға арналған жазғы лагерьлер мен мектептер ұйымдастырады. Адамдарға діни ұстанымдар мен діни ұйымдарға қарама-қарсы ойдан бөлек, кез келген пікірін бөлісуге мүмкіндік береді. Яғни адам көпшіліктің алдында өзінің қиындықтары мен өмірі туралы айтады, бірақ дінге қатысты шынайы көзқарасын білдіруге құқығы жоқ.

Тағы оқыңыз:

"Өздері туралы ақпарат таратудың кез келген жолын пайдаланады. Мысалы, қарапайым такси жүргізушісі Иегова ағымында жүрген адам болуы мүмкін. Ол көлігіне отырған адамдардың барлығына кітапшалар таратады. Бір сөзбен айтқанда олар мемлекеттік билікке қарсы келсе де, ашық соғыс жүргізбейді. Мұны адамдардың санасын улау арқылы жасайды. Сол себепті бұл мәселені бей-жай қалдырмағанымыз жөн. Әсіресе, жастардың тағдыры таразыға салынғанда", — деді философия ғылымдарының докторы Байжол Кәріпбай.

876
Кілт сөздер:
діни радикализм, теріс ағым, дін, намаз, хиджаб, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында арнайы операция кезінде радикалдар ұсталды
Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасауға дайындалған 150-ге жуық радикал ұсталды
Қазақстан түрмелерінде 400 радикал жазасын өтеуде
"Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік". Дін көшбасшылары съезінде не айтылды?
Дінтанушы талақ айту туралы: көп әйел алуға қызыққандар дін талаптарын аяқасты етуде
Дін мен балалық шақ: қазақстандық балаларынан намаз оқуды талап еткен
Дін министрлігі: қысқа балақ пен ұзын сақалға тыйым салынбайды
Загрузка...