Гүл, архивтегі фото

Қазақстанның көрнекті ғалымы дүниеден озды

2323
(Жаңартылды 19:35 24.11.2018)
ҚР Мәдениет министрлігінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің досы Карл Байпақовтың қайтыс болуын орны толмас қаза деп атады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстанның көрнекті ғалымы Карл Байпақов дүниеден озды.

Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткердің қайтыс болғанын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

"Оның бүкіл ғұмыры – халыққа қызмет етудің жарқын мысалы. Карл Молдахметұлы өз еңбектерімен еліміздің тарихындағы, археологиясы мен мәдениетіндегі біздің танымымызды кеңейтті. Таяуда ғана біз археологиялық орталықтарға зерттеу жүргізу бойынша үлкен жоспар құрып едік, өкінішке қарай, ол орындалмайтын болды. Карл Молдахметұлының ісін жалғастыру маңызды деп есептеймін", — деп жазды Facebook-те Мұхамедиұлы.

Мәдениет министрлігінің басшысы Байпақовпен дос әрі серіктес болғанын айта келе, оның қазасы жеке басының қайғы-қасіреті екенін атап өтті. Ол Байпақовтың қайтыс болуын орны толмас қаза деп атады.

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Мұхамедиұлы Карл Байпақовтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Карл Молдахметұлы Байпақов 1940 жылы 17 қарашада Алматы облысы Талғар қаласында туған. 1963 Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер болды.

Карл Байпақов Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық археологиясын зерттеуге үлкен үлес қосты.

2323
Кілт сөздер:
археология, қаза, тарих, көңіл айту, Карл Байпақов, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Тақырып бойынша
Шерхан Мұртаза дүниеден озды
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы қайтыс болды
Бұрынғы мәдениет министрі қайтыс болды
Головкиннің досы дүниеден озды
Белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев дүниеден озды
Загрузка...