Ер адам мен қыз

Астана тұрғынына қаршадай қызды ұрламақ болды деген жала жабылды

68
(Жаңартылды 09:43 24.11.2018)
Әйел адам қызының мектептен бөтен ер адаммен бірге шыққанын көріп, қате түсініп қалған

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Астанада ер адамға бала ұрламақ болды деген жала жабылды.

Қыз баланың анасының үрейге толы жазбасы мессенджерлерде тарап кеткен. Хабарламада әйел бөтен бір ер адам қызын мектептен ертіп шығып, құрылыс жаққа апармақ болды дейді.

Ол бақылау камерасына түсірілген видеоны жолдап, ата-аналарға мұқият болуды ескертті.

Қалалық білім басқармасы қателік кеткенін хабарлайды.

Видеодағы ер адам көршісінің өтініші бойынша өзінің баласымен бірге оның қызын мектептен алып кетуге келіпті. Қыздың атын атап шақырып, есіктің жанында күтіп тұрса керек. Оқушы қыз шыға бергенде, оны көршісінің қызы деп шатастырыпты.

"Ер адам сол қыз екен деп ойлаған, алайда ол анасының көлігіне қарай бет алыпты. Ер адам да соңынан еріп, басқа қыз екенін анасынан білген", — деп түсіндірді білім басқармасы.

Видео авторы мектеп әкімшілігінің жауабын күтпей, жазбаны ортақ чатқа жіберген.

Басқарма атап өткендей, мектеп басшылығына ескерту жасалды, өйткені бірінші сынып жетекшілері оқушыларды өз ата-анасына немесе заңды өкіліне ғана бере алады. 

Балалар арасында да қауіпсіздік бойынша сабақ өткізіледі.

68
Кілт сөздер:
ер адам, жала жабу, бала ұрлау, Астана
Тақырып бойынша
Маңғыстауда ұрланған оқушы босатылды
Астанада оқушыларға қырындаған шетелдік мұғалімнің ісімен ІІМ айналысып жатыр
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті: өлер алдында хат жазып қалдырған
Астанада 15 жастағы қызды автобус қағып өлтірді
Қашықтан оқыту

Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды

3
(Жаңартылды 12:52 24.09.2020)
Депутаттардың пікірінше, қазіргі пандемия жағдайында Қазақстанда осы мәселенің өзектілігі арта түскен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Парламент сенатының бір тор депутаттары кибербулинг мәселесін көтеріп, үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бүгінде қазақстандықтар "буллинг", "моббинг", "хейзинг", "кибермоббинг", "кибербуллинг" сияқты бұрын-соңды естімеген лексиконды жиі пайдалана бастады. Осы шетелдік терминдерді ағылшын тілінен аударғанда "әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлер арқылы адамды қорлау, қорқыту, қудалау мен мазақтау" деген мағынаны білдіреді.

"Бір сөзбен айтқанда, бұл – адамды интернетте, оның ішінде әлеуметтік желіде қорлау. Кибербуллингтің құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Алайда, зардап шеккендердің негізгі жасы 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. Демек, еліміздегі жасөспірімдердің 12 пайызға жуығы осы кибербуллингің зардабын тартқандар", – деді Төреғалиев.

Қазіргі пандемия жағдайында осы мәселенің өзектілігі арта түсті. Себебі, балалардың басым бөлігі қашықтан білім алып жүр. Интернетте көп уақыт отырады. Осындайда кибербулингтің қаупі күшейе түседі. Ал тұзаққа түскен балалар көп жағдайда ешкімге ештеңе айтпайды.

Кибербуллингпен кімдер айналысады

"Кибербуллингпен көп жағдайда педофилдер мен психикалық ауытқулары бар адамдар айналысады. Олар жалған аккаунттар ашып, бүлдіршіндердің сеніміне кіріп, алғашында достық қарым-қатынас орната отырып жеке ақпараттарына қол жеткізеді. Сонан соң психологиялық манипуляция жасай отырып, ой-санасын улайды. Әдетте, мұндай қылмыстар, қарапайым виртуалды достық хат алмасулардан басталып, қорқытумен өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып келеді", – деп атап көрсетті Төреғалиев.

Осы орайда сенатор халық ішінде "Көк кит", "Тыныш үй", "Қызыл жапалақ", "Мені сағат 04:20-да оят" және тағы басқа адам өміріне қауіпті ойындардың қазақ тілінде пайда бола бастағанына аладаушылықтың бар екенін жеткізді. Мысалы, Арыс қаласында "Вконтакте" әлеуметтік желісі және "Telegram" мессенджері арқылы балаларды суицидтік сипаттағы ойындарға тартқан бір адам анықталды.

"Бұл бағытта әлемде көптеген елдер, интернет-платформалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, заңнама бойынша жұмыс істеу және балаларды, олардың ата-аналарын кибербуллингтен қорғау мақсатында тиісті заңдарды қабылдауда. Мысалы, Германияда кибербуллинг ұйымдастырған азаматтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Төреғалиев.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді

Сенаторлар осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, бірқатар шараларды қолға алу қажеттігін жеткізді. Олар:

  • буллинг пен кибербуллингке тосқауыл қою үшін интернеттегі парақшалар мен мессенджерлердегі топтарға мониторингті күшейту;
  • мектептер мен оқу орындарында "Кибербуллингтың зардаптары" тақырыбындағы тәрбие сағаттарын өткізу;
  • арнайы мамандарды дайындау, мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • информатика пәніне кибербуллингке қарсы қосымша сабақтар енгізу;
  • балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін ұлттық жоба әзірлеу;
  • буллинг үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту.
3
Кілт сөздер:
сенатор, қауіпсіздік, білім беру
Тақырып бойынша
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Қашықтан оқыту кезінде қанша уақыт демалыс берілетіні белгілі болды
Қашықтан оқыту жалақы мен шәкіртақыға әсер етпейді – министр
Денсаулық министрі қашықтан оқыту туралы: бірінші тоқсан осы форматта өтеді
Қашықтан оқыту кезінде балалар оқу тапсырмасын ғана орындайды – Аймағамбетов
СІМ ғимараты

Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты

268
(Жаңартылды 12:03 24.09.2020)
Қазақстан өлім жазасынан бас тарту туралы халықаралық хаттамаға қосылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. 

2020 жылдың 23 қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасына қол қойды.

"Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының саяси пікірталас барысында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті", - делінген ресми ақпаратта.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырған еді.

"Бұл халықаралық құжатқа қол қою - өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы", - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ел президентінің 2003 жылы мораторий енгізу туралы жарлығымен толығымен тоқтатылған.

2020 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының саяси дебатында сөз сөйледі.

Президент жиын барысында әлемдегі түйткілді мәселелер мен сын-қатерлерді, соның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күреске, жаһандық экономиканың өсімін қалпына келтіруге, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қарудан бас тартуға және таратпауға, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді көтерді.

268
Кілт сөздер:
өлім жазасы