Мектеп оқушылары

Вакцина салдырмаған оқушыларды мектепке кіргізбеу ұсынылды

197
(Жаңартылды 12:30 24.11.2018)
Қазіргі сәтте вице-министрдің ұсынысы қаралып жатыр

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіндегілер екпе егілмеген балаларды мектепке кіргізбеуді ұсынды.
Ведомстводағылар вакцинадан бас тарту мәселесін заңнамалық деңгейде шешу керек деген пікірде.

Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Ләззат Ақтаева вакцина салынбаған балалардың мектеп ұжымы үшін үлкен қауіп төндіретінін айтты. Ол түсіндірме жұмыстарын жақсартып, балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруды ұсынды. Оның пікірі ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшада жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы бес миллионнан астам адамның, оның ішінде 1,3 миллион баланың вакцина салдыратынын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, биыл екі мыңнан астам вакцина салдырудан бас тартқан. Ведомстводағылар ұлттық вакцина салдыру күнтізбесінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына толықтай сәйкес келетінін айтып сендіріп отыр. 

197
Кілт сөздер:
вице-министр, инфекция, оқушы, екпе, денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін
Премьер-министр: менингитке қарсы екпе бағасы тым қымбат
Оңтүстік Қазақстанда ата-аналар сәбилеріне екпе салғызудан бас тартып жатыр
Меккеге қажылыққа аттанбас бұрын қандай екпе жасатқан жөн
Ақмола облысында ата-аналар балаларына екпе салғызудан бас тартуда
Тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша теңге тұрады?
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Загрузка...