Қоғам

Қазақстанның 4 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМетель
Метель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрқасын, көктайғақ және күшті жел – синоптиктер Қазақстанның кейбір аймақтарының тұрғындары неден қауіптенуі керек екенін айтты

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. "Қазгидромет" Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жариялады.

қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қараша айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Ертең, 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шымкент қаласында 27 қарашада кей уақытта тұман, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді", — деп ескертті синоптиктер.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысы аумағының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0