Азаматтық форум

Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз

1477
(Жаңартылды 15:20 29.11.2018)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында өтіп жатқан Азаматтық форум кезінде көпшілікті қиындықтарды өткере білуге шақырды

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы VIII Азаматтық форум қатысушыларына ешнәрсеге қарамастан өмірдің қиындықтарын өткере білу керектігін айтты.

Президент өмірінде болып жатқан қиындықтарға, он екі мүшесі сау болмаса да, қол қусырып қалмайтын адамдардан ерекше шабыт алатынын жеткізді.

"Үнемі өмірге лағнет айтып жүреміз: бірде мынау, енді бірде екіншісі жетпей жатады. Егер өмірден түңіліп кетсең, ауруханаларды, тіпті, болмай жатса, зират басына бар. Сол жерде жатқан жандардың жағдайы саған қарағанда әлдеқайда қиын. Қол-аяғымыз сау болса да, кішкене сүрінсек, өмірден түңіліп кетеміз. Өмірде барлығы да мүмкін — өзіңді қолға алып, жұмыс істеуге мәжбүрле. Бар мәселе осыда. Сондай-ақ, жастарды да осы нәрсеге үйретуіміз қажет", — деді Назарбаев.

Мұнымен қатар, мемлекет басшысы еріктілер қозғалысын дамыту керектігін атап өтті. Президенттің пікірінше, дәл қазір еріктілерді қоғамдық жобаларға тарту керек.

"Бірінші кезекте мемлекетті өркендету үшін ашық диалогтың маңызы зор. Азаматтар саналы қадамдарға барып, дамыған мемлекетте өмір сүруі тиіс. Біз мықты 30 елдің қатарына міндетті түрде кіреміз", — деп қосты Елбасы.

Бұдан өзге ол үкіметтен тыс секторға қариялардың денсаулығына ерекше мән берілуі керектігін айтты.

Тағы оқыңыз:

"Адамның қаншалықты тез қартаятынын сіздер, тіпті, білмейсіздер. Жетімдер үйі мен қарттар үйін біріктіру туралы ұсыныстар бар. Олар күнделікті балалар тәрбиесімен айналысатын болады. Бәлкім осы нұсқаны қарастырып көру керек шығар", — деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев 27-28 қараша күндері Астана қаласында өтіп жатқан Азаматтық форумның бас спикері болды.

Sputnik Қазақстан — Азаматтық форумның ақпараттық серіктесі.

1477
Кілт сөздер:
форум, азамат, қараша, президент, қария, Назарбаев, Астана
Тақырып бойынша
Назарбаев Маңғыстау облысының әкіміне тапсырма берді
Назарбаев Қазақстанның көпвекторлы саясат ұстанатынын тағы еске салды
Назарбаев 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы артатынын айтты
Назарбаев Дінзухра Тілендиевамен кездесті
Назарбаев педагогтер мәртебесін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды
Назарбаев теңгенің алғашқы партиясын көрсетті – 25 жыл бұрынғы видео
Назарбаев стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Загрузка...