Қыз

Қырғызстанда тұратын қазақ қызы сәби күнінде тастап кеткен анасын іздеп жүр

610
(Жаңартылды 20:33 28.11.2018)
Айжан есімді қыздың қолында анасының ескі суреті ғана бар

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қырғызстанда тұратын қазақ қызы сәби күнінде тастап кеткен анасын іздеп жатыр. Айжан есімді тұрғын құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініпті, бірақ еш нәтиже болмаған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Анасы Айжанды алты жасында Бішкекте тұратын танысына тастап кеткен, деп мәлімет берді Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі.

"Әкесінің аты Леонид, ал анасыныкі – Тамара екені есінде, ол өзі қазақ екен, Қазақстанға жиі барып тұратын. Айжанның төлқұжаты жоқ. Жасы нешеде екенін де нақты айта алмайды", — деп хабарлады ведомство.

Бойжеткен анасын сурет арқылы іздеп жатыр – Қырғызстан мен Қазақстанның құқық қорғаушылары жедел іздеу шараларын жүргізді, бірақ еш нәтиже болмады. Сондықтан қыз БАҚ көмегіне жүгінген, оның да септігі тимепті.

Айжанның анасының ескі суреті
© Photo : Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі
Айжанның анасының ескі суреті

Қырғызстан ІІМ азаматтардан ескі сурет бойынша Айжанның анасын табуға көмектесуді сұрайды.

Әйелді таныған біреу болса, республиканың криминалдық милициясына келесі нөмірлерге хабарласа алады: (0555) 30-46-83, (0703) 03-22-74, (0312) 26-63-17, 26-62-61.


610
Кілт сөздер:
іздеу, қазақ қызы, ана, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Оралда зейнеткер 57 жылдан бері көрмеген ұлын іздеп жүр
Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр
Бозбала бойжеткенді іздеп жүр: ҰБТ кезінде ғашықтық хикаясы болды
Бүлдіршін, тудың суреті

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

79
(Жаңартылды 09:59 01.10.2020)
Күздің екінші айында халықаралық әуе рейстері қысқарып, карантин шаралары күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, ескі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанда бірінші қазаннан бастап бірқатар өзгеріс күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық әуе рейстері қысқарады

Ел билігі қазан айынан бастап коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін карантинді күшейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 5 қазаннан басқа елдермен халықаралық әуе рейстері уақытша тоқтатылып, Түркияға рейстер қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі, сонымен қатар, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпауды ұсынды.  

Бұған қоса, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітіледі:

  • дене қызуын өлшеу;
  • сауалнама;
  • коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (берілгеніне 3 тәуліктен аспауы керек).

Анықтама болмаған жағдайда, азаматтар коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.

Сондай-ақ, мемлекеттік шекараны кесіп өту бекеттерінде карантиндік стационарлар мен тестілеу ұйымдастырылады.

Темекі сату қиындай түседі

Күздің екінші айынан бастап темекі өнімдерін сатудың жаңа талаптары күшіне енеді. Енді олар міндетті түрде таңбалануы тиіс.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімінің кез келген айналымында шығарылған мерзімнен бастап 2D-сканер қолданылады. Сканер қажетті мәліметтерді оқуға және оларды фискалды деректер операторларына беруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады

Міндетті таңбалау нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, халықты контрафактілік өнімдерден қорғайды.

Ескі банкноталарды айырбастау тоқтайды

3 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноталарды айырбастау кезеңі аяқталады.

Оған дейін ескі банкноталарды ұлттық банктің барлық аумақтық филиалында айырбастауға болады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2006 жылғы үлгідегі банкноталарды кезең-кезеңмен айырбастау 2016 жылдың қарашасында басталған.

Жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

Қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайды.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

ШОБ-қа арналған жеңілдік  

Президенттің тапсырмасына сәйкес, пандемиядан зардап шеккен бизнесті қолдау бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін еңбекақы төлеу қорынан бюджеттік емес қорларға аударымдардан босатылады.

Мәжіліс сайлауы  

Қазан айында парламент сайлауының датасы жариялануы мүмкін.

Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Заң бойынша Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің қазіргі шақырылымының өкілеттігі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Оңтүстік өңірлерге жылу беріледі

1 қазаннан бастап Ақтөбе мен Атырау облысында жылу беру маусымы басталады.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде 15 қазаннан бастап жылу беру жоспарланып отыр.

Қазір жылу беру маусымы Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында басталды.

79
Кілт сөздер:
өзгерістер, 1 қазан
Сынама, коронавирус

Өткен тәулікте қай өңірде коронавирус жұқтырғандар көп анықталды

44
(Жаңартылды 09:10 01.10.2020)
Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Дертке шалдыққандар Шығыс Қазақстанда көп анықталды. Алайда соңғы күндермен салыстырғанда аз екені айтылды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 4
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 7
  • Шығыс Қазақстан облысы - 16
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 7
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107 979.

44
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды – Цой