Құралай Бақытқызы, қазақстандық нумеролог

Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады

12205
(Жаңартылды 11:54 30.11.2018)
Нумеролог 2019 жылы қазақстандықтардың баспана мәселесі шешіліп, шағын кәсіпте жолы болатынын мәлімдеді

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы 2019 жылдың әр айына болжам жасап, қазақстандықтарды қандай қуанышты жаңалықтар мен өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді. Келер жылдың басты саны — 3. Ал бұл сан әдеміліктің символы. Яғни жаңа жыл құрылыс, дизайн саласында жүргендер үшін барынша табысты болмақ. Нумеролог өзге сала мамандары үшін де тосынсыйлардың көп екенін айтады.

"2019 жылы қазақстандықтардың баспанаға қатысты қиындықтары шешіледі. Шағын бизнесін ашып, белгілі бір кәсіпті қолға алғандардың тасы өрге домалайды. Ең бастысы, Қазақстан отандық дизайнерлердің бірегей әрі әдемі киім үлгілерінің арқасында шетелге танылады", — деді нумеролог.

Бұдан өзге Құралай Бақытқызы жаңа жылда қазақстандықтарды қазба байлықтарына қатысты қуанышты жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Тіпті, ол алтын адаммен пара-пар байлық болуы мүмкін. Мұнымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәбилердің өскенде әскери адам болатынын айтты.

Қаңтар — еңбек айы. Көбінесе қазақстандықтар қаңтар айында демалады. Керісінше көбірек жұмыс істеп, жаңа жоспар құрып, бизнес ашып жатса, адамдар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ретке келтіріп алатын еді. Келер жылы қаңтарда ауа райы өте суық болады. Сол себепті адамдардың тыныс алу жолдарына күтім жасап, моншаға бармай қоя тұрған жөн. Сондай-ақ, осы кезде тыныс алу жолдарымен байланысты созылмалы аурулар қабынуы мүмкін.

Ақпан — әділет айы. Бұл айда жабулы қазанның беті ашылады десек те болады. Яғни адамдардың ара-қатынасында өтірік болған болса, оның барлығы жария етіледі. Сондай-ақ, басшылар сын естіп, үкіметте, әскери құрылымда және салық саласында ауқымды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер негізінен басшылардың ауысуымен байланысты.

Жаңа жылдық шыршаға ілінген шұлық
Жаңа жылдық шыршаға ілінген шұлық

Наурыз — әдемілік айы. Аталған айдың энергетикасы өте мықты. Сондықтан болар бұл айда дүниеге келгендер болашақта жақсы құрылысшы, дизайнер, қаржыгер, аспаз болады. Мұны ескеріп осы кезде балаларды аспаздық курстарына беріп, сурет салуға баулу артық болмайды. Өкінішке қарай, бұл айда адамдар жалқаулыққа бой алдырады.

Сәуір — тіл үйреніп, спортпен шұғылданатын ай. Әрине, бұл екеуін де жыл он екі жасауға болады. Десе де, сәуір айында нәтиже аса табысты болатынын ұмытпаңыз. Атақты спортшылардың көбісі осы айда дүниеге келген. Ең бастысы, ауыр жарақат алып қалмауға тырысу қажет. Мұнымен қатар, осы айда шоу-бизнесте өзгеріс болып, журналистердің жұмысы жақсара түседі.

Мамыр — шығармашылық айы. Нумерологияда бұл айды көбінесе радио және кино саласымен байланыстырады. Бұл айда дүниеге келгендердің музыкалық есту қабілеті жоғары келеді: пианинода ойнап, кино түсіреді. Мұнымен қатар, медицина саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін.

Маусым — прогресс айы. Инновациялық жобалар мен ақпараттық жүйелер дами түседі. Осы жүйелерге және спортқа қатысты көптеген бағдарлама қолға алынады және олардың барлығы дерлік табысты болады.

Печеньеден жасалған үй
Печеньеден жасалған үй

Шілде — балалар айы. Жасөспірімдер мен бүлдіршіндерге арнап ұйымдастырылған байқаулар Қазақстан үшін жеңіс әкелмек. Бұл айда дүниеге келгендер жақсы саясатшы, актер болады. Мүмкіндігінше осы айда денеге зақым келтіріп алудан сақтану қажет.

Тамыз — сауда айы. Көптен бері сата алмай жүрген үйіңізді осы айда өткізе аласыз. Сондай-ақ, бұл уақытта баспаналы болуды жоспарлап жүргендердің арманы орындалады.

Қыркүйек — денсаулықты қалыпқа келтіру айы. Күрделі ота жасатып, тісіңізді емдетуді жоспарлап жүрген болсаңыз, мұндай шараларды осы айға қалдырған дұрыс. Өйткені бұл айда дәрігерлердің түйсігі өте жақсы жұмыс істейді. Мұнымен қатар, курстарға жазылып, білім алу үшін таптырмас ай болмақ.

Бақытты жұп қыста құшақтасып тұр
Бақытты жұп қыста құшақтасып тұр

Қазан — қорғаныс айы. Елде қорғаныс министрлігінде белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін. Мысалы, министрлер ауысады дегендей. Сондай-ақ, ІІМ құрылымында да өзгеріс болуы ғажап емес. Әдетте бұл уақытта дүниеге келген балалар өскенде әскери қызметке барады.

Қараша — мәдениет айы. Бұл кезде мүмкіндігінше концерт, музей және кинотеатрға көбірек барған дұрыс. Мүгедектер мен қарттар үйіне көмектесу, әлеуметтік жобаларды қолға алу артық болмайды.

Желтоқсан — армандар орындалатын ай. Аталған айда туризм, логистика және энергетика саласына жақын болатын адамдар дүниеге келеді. Жаңа жыл қарсаңында құрған жоспарларыңыз бен армандарыңыз міндетті түрде орындалады. Сол себепті барынша қиялға ерік беріп, кейін нақты жоспар құра білген жөн.

12205
Кілт сөздер:
нумеролог, жаңа жыл, маман, болжам, өзгерістер, Қазақстан
Тақырып:
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)
Тақырып бойынша
Белгілі нумеролог 2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын болжады
Маман әлеуметтік желіде қандай адамның жағымсыз пікір жазатынын айтып берді
Тұмаудың қалай алдын аламыз: астаналық дәрігерден 10 кеңес
Маманнан кеңес: адамдармен тіл табысудың 30 кілті
Балаға күнде айтылуы тиіс 30 сөз
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
Көзілдірік пен қағаздар

Сенат депутаты үкіметке ауыл ата-аналарының өтінішін жеткізді

4
(Жаңартылды 12:33 01.10.2020)
Депутаттардың пікірінше, қоғамдық көлікті қажет етпейтін елді мекендерде оқушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше ауысым арқылы штаттық режимде оқи алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Сенаттың бір топ депутаты 600 адамға дейінгі контингенті бар, оқушылар саны бір сыныпта 15 баладан аспайтын ауыл мектептерін дәстүрлі оқыту форматына ауыстыруды сұрады.

Қашықтан оқыту мәселесін көтерген депутат Алтынбек Нухұлы сауалын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдады.

Сенатор қашықтан оқыту форматы ауыл мен қала мектептері арасында білім сапасын одан әрі алшақтатып жіберуі мүмкін деп санайды. Себебі ауыл мектептерінде оқу жабдықтары жеткіліксіз әрі интернет сапасы да төмен.

Айтуынша, қыркүйектен бері депутаттарға барлық өңірден 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларды дәстүрлі оқытуға жіберу туралы ұсынысхаттар түсуде.

"Соның бір дәлелі – депутаттардың Семей қаласы мен Абай ауданына жұмыс сапары кезінде мектеп мұғалімдері мен ата-аналар санитарлық норманы сақтай отырып, барлық ауылдық мектепті дәстүрлі оқуға көшіруді ұсынды. Ауылдағы балалардың қарым-қатынасы қалаларға қарағанда қауіпсіз деп отыр. Олар ауылдың тыныс-тіршілігі мен табиғи ортасын ескеру керегін атап өтті. Біз бұл ұсынысты үкіметке жеткізуге уәделестік", – деді Алтынбек Нухұлы. 

Ол сенат депутаттарын ауылдарда орналасқан, қашықтан білім алатын контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі мектептерге қатысты мәселе алаңдататынын жеткізді.

Депутаттардың пікірінше, қоғамдық көлікті қажет етпейтін елді мекендерде оқушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше ауысым арқылы штаттық режимде оқи алады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, оқу жылы басталғалы 104 оқушы COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде үйде отырып, қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай, мектеп қабырғасында кезекші сыныпта оқитын 33 балада анықталды. Яғни, дәстүрлі оқитын балалардың саны үйде отырып, қашықтан оқитындарға қарағанда екі есе аз", – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: ДДҰ басшысы бүкіл әлемдегі мектептердің ашылуы туралы ойын айтты

Сенаторлар үкіметтен ауылда білім беру сапасын жақсарту мақсатында 181-ден 600 адамға дейінгі контингенті бар, оқушылар саны бір сыныпта 15 баладан аспайтын, ауылдарда орналасқан мектептерді кезең-кезеңмен штатты режимде жұмыс істеуге көшіруді сұрады.

4
Кілт сөздер:
білім беру, ата-аналар, депутат
Тақырып бойынша
Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді
Сенатор үйден оқып жатқан оқушыларды тегін интернетпен қамтамасыз етуді талап етті
Бас санитар дәрігер: мектептегі оқуды қалпына келтіру жоспары бар
Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі
Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан қаласындағы күзгі шақ

Қазанда ауа райы қандай болады синоптиктер болжам жасады

127
(Жаңартылды 12:14 01.10.2020)
Қазанның алғашқы онкүндігінде ауа райы жылы болады. Ал айдың екінші жартысында республиканың барлық өңірінде ауа температурасы төмендейді

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Қазанда Қазақстанның солтүстігі мен орталық өңірлерінде күн суық болады, жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.

"Қазан айында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық, оңтүстік-шығыс өңірлеріне суық арктикалық ауа массалары келеді де Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан еліміздің оңтүстік-батысына қарай жылы ауа массасы жылжиды. Соның нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Қазақстанның оңтүстік-батыс жартысында нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С төмен болады", - делінген синоптиктер болжамында.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық болады, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында нормадан жоғары болады деген болжам жасалды.

"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады", - деді мамандар.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде -2...+7°С, күндіз ауа біртіндеп +12...+20°С-қа дейін жылынады. Ал оңтүстік өңір мен батыс аймақта түнде +5...+13°С, күндіз +17...+25°С болады.

5 қазаннан бастап Солтүстік циклонмен және арктикалық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын түседі.

"Солтүстікте жаңбырдың соңы ылғалды қарға ұласуы мүмкін. Тұман түсіп,  желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз жауын-шашын тоқтап, түнде суық болады. Сондай-ақ, желсіз ашық ауа райы сақталады. Тек, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын түспейді", - дейді Қазгидромет мамандары.

Алғашқы онкүндіктегі ауа температурасы

Қазан айында ауа райы республика бойынша төмендегідей негізде құбылмалы болады деп болжануда: 

  • батыс өңірде түнде 0...+5°С дейін, күндіз +12...+17°С дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста кезеңнің ортасында және соңында түнде -1...-8°С дейін, күндіз 0...+7°С дейін;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста онкүндіктің соңында түнде 0...+5°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, күндіз +7...+12°С дейін;
  • оңтүстік-батыста онкүндіктің ортасында түнде +5...+12°С дейін, күндіз +15...+20°С дейін ауа температурасы төмендейді.

Алғашқы онкүндіктің соңында ауа температурасы алдымен Қазақстанның батысында, содан кейін республиканың қалған аумағында көтеріледі.

Қазанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік және батыс өңірлерде жаңбыр жауады, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын түсіп, соңы ылғалды қарға ауысады.

Кей күндері жылу толқыны әсерінен республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтанда күндіз ауа температурасы +15...+25°С дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста +10...+20°С дейін жылынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: "Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді

Ал суық толқын әсерінен ауа температурасы елдің солтүстік-батысы мен солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде -1...-10°С дейін, күндіз 0...+5°С дейін, оңтүстік және оңтүстік-батыс жартысында түнде -5...+5°С дейін, күндіз +2...+10°С дейін төмендеуі мүмкін.

127
Кілт сөздер:
қазан, ауа райы болжамы, ауа райы
Украинадағы ұшақ апаты

Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсант сұқбат берді видео

7
25 қыркүйекте Украинаның Харьков облысының Чугуев қаласына жақын жерде АН-26 әскери ұшағы құлаған. Бортта 27 адам болған, тек біреуі аман қалды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Харьков қаласының түбінде болған АН-26 әскери ұшағының апатынан курсант Вячеслав Золочевский ғана аман қалды. Ауруханада жатқан 20 жастағы жігіт журналистерге сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТСН арнасына сілтеме жасап.

Бас кезінде бәрі штаттық режимде болған. Бортта отырған курсанттар навигацияны басқару, қозғалқышты іске қосу, радиобайланыс жүргізу сияқты машықтарды меңгерді. Барлығы 10 оқу орны болды. Золочевский ұшқыштың кабинасына жақын отырды.

"Бас кезінде оң жақтағы екінші жұмыс орнында отырдым. Бір кезде ұшақ бірден жантайып кетті, мен орнымнан ұшып түстім, басымды қатты соғып алдым", - дейді Золочевский.

Курсант есінен танып қалған. Ал есін жиған кезде не болғанын түсінбей жатты. Апат кезінде Золочевскийді ұшақтың фюзеляжы басып қалды. Соның арқасында қатты күйік шалған жоқ. Ал фюзеляждың астынан шыққаннан кейін өртке оранған досын құтқаруға ұмтылды. 

Қазіргі кезде курсанттың жағдайы орташа ауыр. Апат кезінде миы шайқалып, жарақат алды, денесін күйік шалған жерлер де бар.

АН-26 апаты     

25 қыркүйекте Украинаның Харьков облысының Чугуев қаласына жақын жерде Ан-26 әскери-көлік ұшағы құлаған. Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

Әкесі үш рет ұшақпен құлаған 

Апатта аман қалған курсанттың әкесі – Вячеслав Золочевский де авиация саласында қызмет етеді. Ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген екен. 

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

7
Кілт сөздер:
видео, ұшақ апаты, Украина
Тақырып бойынша
"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды
Bek Air-дің аман қалған жолаушысы ұшақта не болғанын айтып берді
Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды
Иран ұшақ апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады