Қоғам

"Маған бата беріпсіз" Назарбаев 17 жыл бұрын тұсауын кескен студентпен кездесті

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады
Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының батасын алған Абылай Сатылхан қазір Назарбаев университетінде "саясаттану және халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша білім алып жатыр

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 17 жыл бұрын өзі тұсауын кескен студентпен кездесті, деп хабарлайды тілшісі. 

Астанада Назарбаев зияткерлік мектептерінің он жылдығына орай өткен форумда Қазақстан президенті 17 жыл бұрын тұсауын кескен студент Абылай Сатылханмен кездесті.

Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларын он жылдық мерейтоймен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды

Абылай Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған. Қазір Назарбаев университетінде бірінші курста оқиды. Үш тілді жетік меңгерген, академиялық біліммен бірге жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника, нано және биотехнология, бизнес жүргізу сияқты сан түрлі салада білімін шыңдаған жас. 

"Осыдан он жеті жыл бұрын Астанада сіз менің тұсауымды кескен едіңіз. Мен бүгін біздің әулеттің тұмары секілді әрдайым төрде ілініп тұратын мына суретті өзіңізге ала келдім. Сіз маған "азамат бол" деп бата беріпсіз. Мен осы мотивациямен өмір сүріп, өзіңіз айтқандай мықты азамат болуға, елім үшін қызмет етуге уәде беремін", — деді Абылай президентке сыйлығын табыстай отырып.  

Мемлекет басшысы оқушының сыйлығын қуана-қуана қабыл алды.

 

Жаңалықтар
0