Көктайғақ

Астанада мереке күндері көктайғақтан 100-ден астам адам зардап шекті

42
(Жаңартылды 13:28 05.12.2018)
Әсіресе 3 желтоқсанда дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны көп болған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мереке күндері Астанада екі жүзден астам адам жарақат алып қалған.

Желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында 231 адам Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына қаралыпты. Олардың ішінде 125 қала тұрғыны көшеде жарақат алған, 13 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҒЗИ баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсіресе, 3 желтоқсан күні зардап шеккендер саны көп болған – 89, олардың ішінде 48 адам көктайғақ салдарынан жарақат алыпты.

Жалпы алғанда, қыста Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына күн сайын 70 адамдай қаралады. Қазір травматология пункті штаттық режимде істеп тұр.

Сонымен қатар, ведомство қазақстандықтарға көктайғақта қалай сақтану керектігін айтты. Аязды күндері қатты жүрмей, асықпай, әр қадамды баппен басқан жөн. Аяқ киімнің өкшесі онша биік емес, табаны кедір-бұдыр болғаны абзал. Жолдан өтерде, мұз үстімен жүргенде, еңістен немесе баспалдақтан түскенде абайлау керек. Көйтайғақта қолды қалтаға салып жүруге болмайды.

42
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, көктайғақ, Астана
Загрузка...