Жастар

Қазақстандықтар жыныстық қатынасты неше жастан бастайды?

1163
(Жаңартылды 11:32 05.12.2018)
Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, әр бесінші қазақстандық жасөспірім мүшеқап пайдаланбайды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген зерттеуге сәйкес, 15-19 жастағы жастардың үштен бір бөлігі жыныстық қатынаспен айналысады.

Сауалнамаға республиканың барлық өңірінен 4360 жасөспірім қатысқан. Қыз бен жігіттердің саны өзара тең, деп мәлімет берді қоғамдық пікірді зерттеу орталығы деректерді талдау және өңдеу бөлімінің жетекшісі Айжан Шәбденова.

Сауалнамаға қатысқан бір жарым мың жасөспірімнің жартысы екі немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскен.

"19 жастағылардың 57 %-ы жыныстық өмір сүреді. Жастардың үштен бір бөлігі жыныстық жағынан белсенді. Жыныстық қатынасты бастайтын орташа жас мөлшері – 16 жарым. Біреу ерте, біреу кеш бастайды, бірақ орташа жас шамасы осы", — деп хабарлады сарапшы брифингте.

Шәдбенова атап өткендей, жыныстық өмір тәжірибесі жастар арасында кең тараған, әсіресе қалада тұратын жігіттер жыныстық қатынастағы серігін жиі ауыстырады. 

Сарапшының мәліметіне сүйенсек, 15-19 жас аралығындағы әр бесінші қазақстандық мүшеқап пайдаланбайды.

Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың 16,7 %-ының аяғы ауыр. Көбінесе сәбиін өмірге әкеледі. 16,7 %-ы түсік жасатқан, 22 қыз аборт жасатқанын мойындады, сауалнамаға қатысқан қыздардың 2 %-ы үй жағдайында аборт жасатқан.

Бұл зерттеу Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі және ЮНФПА тапсырысымен жүргізілді.

1163
Кілт сөздер:
жыныстық қатынас, жастар, Қазақстан
Загрузка...