Паспорт, архивтегі фото

БҚО-да туған ағасына қатты ұқсайтын жігіт шекарашыларды алдап кетпек болды

394
(Жаңартылды 09:07 05.12.2018)
Ресейге ағасының паспортымен өтіп бара жатқан 1985 жылы туған азамат ұсталды. Құжат оның өзінен екі жас үлкен бауырына тиесілі екені анықталды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында бөтен адамның паспортымен жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

"Батыс шекарадағы Орал шекара отрядына қарасты "Сырым-авто" өткізу бөлімшесінде шекарашылар Ресейге қарай жекеменшік "Мерседес" автокөлігімен өтіп бара жатқан қазақстандықты ұстады. Ол тексеруге ұсынған паспорттағы сурет бір қарағанда дәл өзінікі сияқты көрінгенімен, шекарашылардың қырағылығының арқасында құжаттың бөтен адамға тиесілі екені анықталды", — деп жазылған хабарламада. 

Тексеру кезінде паспорт 1985 жылы туған азаматтың өзінен екі жас үлкен туған ағасына тиесілі екені белгілі болды. Шекарашылардың қырағылығын "тексерген" азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша жазаға тартылады.     

394
Кілт сөздер:
паспорт, шекара, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қырғыз бизнесмені Қазақстанмен шекарада кімдердің ақша бопсалайтынын айтып берді
Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді
Шекарашылар 8 тонна ойыншықты Ресейге өткізбей қойды
Загрузка...