Бейбіт Атамқұлов

Министр Америкада қазақстандық спутниктердің сәтті ұшырылуымен құттықтады

21
(Жаңартылды 13:46 05.12.2018)
Калифорниядағы "Вандерберг" ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыранымен екі қазақстандық спутник ұшырылды

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Илон Масктың зымыранымен ұшырылған екі спутник те бүгін байланысқа шыққанын айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Министр бүгін түнде екі қазақстандық спутник те АҚШ-тың Калифорния штатында ғарышқа сәтті ұшырылғанын мәлімдеді.

"Бүгін біз таңертеңнен хабар таратқан жоқпыз, себебі зымыран тасығыш кемеде болған спутниктеріміз орбиталды нүктеге шығуы тиіс болатын. Қазір екі спутник те штатты режимде жұмыс істеп тұр. Бір тәулік ішінде станциялар төрт сигнал қабылдады", — деді Атамқұлов үкімет кулуарында. 

Министрдің айтуынша, спутниктердің бірін "Қазақстан ғарыш сапары" мен "Ғалам бірлескен кәсіпорнының инженер-технологтары жасап шығарған. Ал екіншісі британиялық серіктеспен бірге дайындалды.

"Біз осы спутниктердің арқасында қазақстандық инженерлердің әзірлемелері ғарышта қалай жұмыс істейтінін зерттеп, талдаймыз. Болашақта қазақстандық локализацияны 50 процентке жеткізу міндеті тұр. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз", — деді ол. 

Осы орайда Атамқұлов отандық инженелер жасаған спутниктердің сәтті ұшырылуымен құттықтады.

"Екі аптадан кейін ғарыштағы спутниктерден қажетті мәліметтер аламыз деген үміттемін", — деді ведомство басшысы.


21
Кілт сөздер:
зымыран, спутник, Бейбіт Атамқұлов, Илон Маск, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан Илон Масктың зымыранымен екі спутник ұшырды
"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды
Загрузка...