Құрылыс

Қазақстанда құрылыстың қалай жүріп жатқанын онлайн бақылауға болады

54
(Жаңартылды 08:24 05.12.2018)
Келесі жылы бірыңғай цифрлық порталды өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Инвестициялар және даму министрлігі "Бірыңғай цифрлық портал" ашты. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. 

Бүгін үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек құрылыс саласын цифрландыру жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, қазір қағаз құжаттар электронды нұсқаға ауыстырылып жатыр. Бұл құрылыстағы бизнес процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. 

"Осы проблеманы шешу үшін министрлік "Бірыңғай цифрлық портал" құрды. Оның ақпараттық жүйесі пилоттық режимде Астанадағы нысандарда сынақтан өтуде", — деді Қасымбек. 

Құрылыс процесінің негізгі қатысушылары – мердігер ұйым, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау. Олар электронды сандық қолтаңбаның көмегімен осы порталға рұқсат алып, өздеріне берілген құзырет аясында қызметтерді іске асыра алады. 

"Тағы бір артықшылық – барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жүйесіне қосылу мүмкіндігі. Портал құрылыстың барлық кезеңін – котлованнан құрылыстың аяқталуына дейін қамтиды. Жасырын жұмыстар тек қана актілермен аяқталмай, сонымен бірге фото және бейне түрінде сақталады. Сондай-ақ, портал отандық құрылыс материалдарының қолданылуын қадағалауға мүмкіндік береді", — деді министр. 

Бұдан бөлек, ол құрылыс нысанын видеотрансляция арқылы бақылауға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, әрбір қатысушыға электронды түрде сапа туралы, орындалған жұмыстардың сәйкестігі туралы қорытындыға, тиісті декларацияға қол қою мүмкіндігі беріледі. Одан кейін тапсырыс беруші нысанды пайдалануға қабылдау актісіне қол қойып, оны тіркеу үшін мемлекеттік корпорацияға жолдайды. 

"Барлық тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін, 2019 жылы осы порталды өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарлануда", — деді Қасымбек.


54
Кілт сөздер:
онлайн режим, құрылыс, Жеңіс Қасымбек, Қазақстан
Тақырып бойынша
Астанада салымшылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" басып кірді
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Астанада тағы бір құрылыс компаниясы үлескерлерді алдап кетті
Загрузка...