Нәресте

Астанада балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

558
(Жаңартылды 21:00 05.12.2018)
Жаңа туған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Астанада қаңтар-қазан айларында 27 998 бала жарық дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңа туған нәрестелер арасында ең танымал есім Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан, 387 қызды  Медина деп атаған. 

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді. 

Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.


558
Кілт сөздер:
қазақша есімдер, әдемі есімдер, ең танымал есімдер, Астана
Тақырып бойынша
Елімізде адамның есімі жазылған көлік нөмірлері пайда болуы мүмкін
Балаға күнде айтылуы тиіс 30 сөз
Қазақстанда аты-жөнді өзгерту үшін не істеу керек?
Загрузка...