Қоғам

Ертеңнен бастап қазақстандықтар ХҚКО-да жеке куәліксіз-ақ қызмет ала алады

© Sputnik / Владислав ВодневХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биометрияның көмегімен ХҚКО жүктемесін азайту көзделіп отыр

АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. 12 желтоқсаннан бастап Астана мен Алматы тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарында саусақ ізімен қызмет ала алады. Жаңашылдық туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа туған бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды

Енді мемлекеттік қызметті жеке куәліксіз немесе электронды сандық қолтаңбасыз-ақ алуға болады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, саусақ ізін қалдырып, биометриялық мәліметтер базасына тіркелу жеткілікті. Ертеңнен бастап Астана мен Алматы тұрғындары өз еркімен ХҚКО-да биометриялық мәліметтерін қалдыра алады. Ал қалған өңірлерде бұл қызмет келесі жылы қолжетімді болмақ.

"Идентификация саусақ ізін сканерлеу арқылы жүргізіледі. Саусақ ізімен адамның жеке мәліметтері шығарылады. Сонда болашақта азаматтар ХҚКО көрсететін барлық мемлекеттік қызметті жеке куәліксіз-ақ ала алады", — деді Оспанов. 

Оспановтың айтуынша, биометрияның көмегімен ХҚКО жүктемесін азайту көзделіп отыр.

Ер адам компьютердің алдында отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады – ІІМ

"Қазір кейбір Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдар сағаттап кезекте тұратынын көріп жүрміз. Себебі ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны артуда. Қазір қызметтің негізгі үлесін электронды қызметтер құрайды. Яғни, біздің мақсатымыз азаматтарды орталыққа келмей-ақ, қоғамдық орындарда қызмет алуға үйрету. Мемлекеттік қызметті оңай әрі жылдам алуға болатынын көрсеткіміз келеді", — деді ол.

Десе де, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлік немесе сандық электронды қолтаңба мүлде жоғалып кетеді деген сөз емес. Саусақ ізі солармен қатар қолданылады. 

Оспановтың айтуынша, биометрия бойынша екінші деңгейлі банктермен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Болашақта банктер арқылы да мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі пайда болмақ.

Жаңалықтар
0