Қоғам

Назарбаев планшетпен басқарылатын "ақылды" диірменді іске қосты

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған телекөпір барысында ұн диірмені, құс фабрикасы және ет өңдеу кәсіпорны іске қосылды

АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында бірқатар кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған телекөпірде Атырау облысынан "Карат" ЖШС "ақылды" диірмен кешенінің қызметкерлері Елбасымен тікелей байланысқа шықты. Аталған кешен 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қуаттылығы – жылына 55 мың тонна ұн. 

"Бұл ірі кешенді планшетпен басқаруға болады. Цифрлық технологияларсыз дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкін емес. Біз, ауыл шаруашылық мамандары, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің маңызын жақсы түсінеміз", — деді диірмен қызметкерлері. 

Іске қосылған тағы өндіріс – қуаттылығы 50 мың тонна болатын құс фабрикасы. "Макинск құс фабрикасы" ЖШС құс еті импортын 30 процентке азайтып, экспортты ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы –  Астана азық-түлік белдеуінің бір бөлігі.

Ералы Тоғжанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Маңғыстау облысының әкіміне тапсырма берді

Сондай-ақ, Қостанай облысында ет өңдеу кәсіпорнының таныстырылды. Кәсіпорын жылына 3 мың тонна ет өңдеуге дайын. Болашақта 5 мың бас болатын бордақылау алаңы салынады. 

"Осылайша, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кооперациясы аясында ет кластерін дамытатын боламыз", — деп сендірді қостанайлықтар. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы ең үлкен саланың бірі екенін атап өтті.

"Болашақта үлкен үміт күтетін өндіріс. Мен ылғи айтып жүремін, Қазақстанның жері де кең, мүмкіншілігі де бар. Тек қана кен байлығы емес, жердің байлығы бар. Егер де біз осы өндірісті ұлғайтатын болсақ, экспорттық жағдайымыз күшейеді, Қазақстанға түсетін қаражат көбейеді. Елдің байлығына жұмыс істейтін болады. Сондықтан осы өндірістің үшеуі де өте қажет. Әсіресе, жағдай қиындап тұрған Торғай өңірінің халқы үшін. Жаңадан іске қосылған кәсіпорын елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын", — деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0