Қоғам

Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент кеңесшілері ұсыныс жасағанмен мойнына жауапкершілік алмайтынын атап өтті

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Президенттің Телерадиокешені архивтегі видеодан үзінді жариялады, онда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысының жалғыздығы туралы айтқан, деп хабарлады

Нұрсұлтан Назарбаев Алтын сапа иегерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан президентінің қолынан кімдер сыйлық алды?

"Нағыз лидер болудың қиындығы сол, тек алға қарауың керек. Сен жетектегі адам емессің, жетекшісің. Қайда бастайтыныңды білуге тиіссің", — деді Назарбаев.

Президент "снаряд әкеліп беретін" көптеген кеңесшісі мен көмекшісі бар екенін атап өтті. Олар жазып, талдау жасағанмен ешқандай жауапкершілік алмайды.  

"Міне, осылай да, осылай деп ұсыныс жасайды, бірақ шешімді сен қабылдауың керек, олар жазғандары үшін жауап бермейді. Президент шешім қабылдап, сол шешіміне жауап беруі тиіс. Осы жерде президенттің жалғыздығы сезіледі. Жалғыз өзің отырып, жұмыс істейсің", — деп түйіндеді мемлекет басшысы.     

Жаңалықтар
0