Қанат Ислам

"Біреуге баға беретіндей сен кімсің?" Қанат Ислам жастарға ақыл айтты

1943
(Жаңартылды 12:59 14.12.2018)
Спортшының пікірінше, адам өмірдегі сәтсіздіктерден сабақ алып үйренуі тиіс

АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жастарды уақытты зая кетірмей, тәуекелге барып, білек сыбана іске кірісуге шақырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Бірінші орта салмақта сынға түсетін кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қазіргі жастарға ағалық ақылын айтты. 

"Біздің елде телефонда отырып алып, біреуге баға беретін жастар көп. Біреуге баға беретіндей сен кімсің? Баға беруге уақытың да болмауы керек. Қазір жастардың 20, 30, 40 жасқа дейін тәуекелге барып, қателік жасайтын уақыты ғой. Жиырма жасыңда қателік жасап, тәуекелге бармасаң, отыз жасыңда басыңды тасқа ұрып көрмесең, сен қай кезде тәуекелге барып, білек сыбана іске кірісесің?!", — дейді спортшы ОКҚ-де өткен брифингтен кейін.

Ислам қазіргі таңда елімізге рухы биік жігерлі адамдар керек екенін атап өтті. 

"Жастар "ұят болады, жаман болады, анау күлетін шығар" деген нәрселерді ұмытуы керек. Себебі тәуелсіз еліміз бен жеріміз бізге қарап тұр, осы байлыққа ие болуымыз керек", — деді ол. 

Боксшының айтуынша, сылтауы таусылмайтын адамдар өмірде ешқандай жеңіске жетпейді. 

"Еңбек – бәрін жеңбек. Сол үшін біздің жастарды жігерлендіріп, намысын қайрау керек. Қателесуден қорықпау керек, жеңілу керек, қайта аяққа тұрып, жеңу керек", — деп ақыл айтты Ислам.


1943
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, тәуекел, ақыл, жастар, Қанат Ислам
Тақырып бойынша
Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады
Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген боксшы әлем чемпионы атануы мүмкін
Қанат Ислам ауруханаға түсіп қалды
Қанат Ислам WBO рейтингіндегі орнынан айырылып қалды
Загрузка...