Әлия Назарбаева

Әлия Назарбаева мемлекеттік сыйлық берген әкесіне алғыс айтты

1471
(Жаңартылды 12:29 15.12.2018)
"Анаға апарар жол" фильмінің бас продюсері Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан мемлекеттік сыйлық алды

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болған Әлия Назарбаева Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды тілшісі. 

Бүгін Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі сала өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Сондай-ақ, 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыстады. Мемлекет басшысының кенже қызы Әлия Назарбаева да өзі продюсерлік еткен "Анаға апарар жол" фильмі үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 

Салтанатты марапаттан кейін Назарбаева Елбасыға алғысын білдірді.  

"Біз, "Анаға апарар жол" фильмінің авторлары, мемлекет басшысы табыстаған жоғары награда үшін ризамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рақмет. Фильмде халқымыздың қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін көрсеткіміз келді. Бірақ, осыған қарамастан қазақ халқы рухани құндылықтарын, тектілігін, үлкенге деген құрметін жоғалтқан жоқ. Бүгінгі жоғары марапат біздің дұрыс жолда келе жатқанымызды көрсетті", — деді Назарбаева журналистерге. 

Ол кинокартинаның жоғары бағаланғанына қуанышты екенін жеткізді. 

"Бүгін Елбасы айтқандай: Сынды ешкім жақсы көрмейді, ал награда алған бәріне ұнайды". Сондықтан, мен жобамыздың жоғары бағаланғанына мақтанамын", — деді Әлия Назарбаева. 

Сондай-ақ, ол режиссер Ақан Сатаевпен бірге түсіріп жатқан "Томирис" фильмі келесі жылдың мамырында экранға жол тартатынын атап өтті. 

"Осымен тоқтап қалмаймыз деген ойдамын. Еліміздің атын әлемге шығаратын сапалы картиналарды келешекте де түсіре береміз", — деді ол. 

Айта кетсек, "Анаға апарар жол" толық метрлі көркем фильмі үшін қоюшы режиссер Ақан Сатаев, сценарий авторы Тимур Жақсылықов, ана рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек пен Ілиясты сомдаған Әділ Ахметов те мемлекеттік сыйлыққа ие болды.


1471
Кілт сөздер:
мемлекеттік сыйлық, алғыс айту, марапат, Әлия Назарбаева, Назарбаев
Тақырып бойынша
Атақты жазушы Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтты
"Күтпеген сый болды" Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды
Назарбаев бірнеше әкім мен министрді орденмен марапаттады
Алматы қаласында отқа орынған төрт қабатты ғимарат

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды видео

7020
Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда төрт қабатты ғимарат отқа оранды

Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті. 

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматы қаласында өртеніп жатқан ғимарат

Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.

7020
Кілт сөздер:
оқиға, Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео
Медициналық құрал, ақша және калькулятор

Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған

305
Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден стационардағы емделуге дейінгі процестерді автоматтандыруды жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне байланысты 460 мыңнан астам кемшілік анықтады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Медициналық ұйымдарға салынған айыппұлдар мөлшері 4,6 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады", – делінген хабарламада.

Ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз. Соған сәйкес, айыппұлдар көлемі де 2,7 миллиард теңгені құраған.

Медициналық тегін көмек мемлекет кепілдендірген көлем шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында қор тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

"Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға қызметтерді тек бекітілген стандарттарға сай көрсететін медициналық көмектің сапасына сәйкестігін тексергеннен кейін ғана төлейді. Сонымен бірге, сапа мониторингі, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қашықтан қолданумен жүзеге асырылады, осылайша көрсетілген "адам факторын" барынша азайтады", – деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден бастап стационардағы емделуге дейінгі бақылауды қоса алғанда процестерді автоматтандыруды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

"Сонымен қатар, қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайларды бақылау тәжірибесін арттыруда", – деп атап көрсеткен баспасөз қызметіні хабарламасында.

305
Кілт сөздер:
медициналық сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі