Қоғам

Kaspi bank клиенттердің шотынан ақша неліктен "жоғалғанын" түсіндірді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевКредиттік карталар, архивтегі фото
Кредиттік карталар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтардың шоттарындағы ақшаға қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады банк

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Kaspi bank клиенттердің шоттарындағы ақшаның жоғалу себебін түсіндірді. 

Банк клиенттері әлеуметтік желілерде Kaspi.kz мобильді қосымшасында шоттардың босап қалғаны туралы жазды. 

"Картамда "нөлді" көрсетіп тұр және оны бір ай бұрын алсам да, мерзімі өтіп кеткен деп шығып жатыр. Сall-center жауап бермей жатқан көрінеді, ресми парақшалары да үнсіз. Бұл түсінбеушілік болар деп үміттенеміз. Құдайым, Kaspi-ді сақташы", — деп жазды Әсем Байгелді.

"Kaspi не болып жатыр? "Каспи голд" картасында көк тиын жоқ", — деп сұрады банктің басқа бір клиенті.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Kaspi банктің басшысы мәлімдеме жасады

Банктің баспасөз қызметі "Каспи голд" карточкаларын ұстаушылардың шоттарындағы сандардың дұрыс көрсетілмеуіне бағдарламалық қамтамасыз етудегі техникалық ақаулық себеп болғанын хабарлады.  

"Kaspi.kz мобильді қосымшасында кейбір клиенттердің шоттарындағы қалдықтар дұрыс көрсетілмей жатыр. Әдеттегідей банкоматтан ақша шешіп алып, дүкендерде сауда жасай беруге болады. Біз бәрін тезірек түзетуге тырысып жатырмыз, қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", — деп хабарлады банк.

Біраз уақыттан кейін Kaspi баспасөз қызметі жүйелік қате түзетілгенін хабарлады. Әлеуметтік желілерде шоттағы ақшаның "қайтарылғаны" туралы банк клиенттері де айтып жатыр.


Жаңалықтар
0