Қоғам

Назарбаевтың батасын алған оқушы Американың үздік университетіне оқуға түсті

© Photo : НЗМ баспасөз қызметі Президенттің батасын алған Ақназар Қажымұрат
Президенттің батасын алған Ақназар Қажымұрат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақназар Қажымұрат ACT мен SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан ең жоғары балл жинап, бірегей рекорд орнатқан болатын

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінің грантына ие болды, деп хабарлайды "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақназар АҚШ-тың көне оқу орнында топологияны әлемдік деңгейде зерттеуді жоспарлап отыр. Ол математиканың осы бөлімінде үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді. 

Ақназар Қажымұрат - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Супермен емеспін, бірақ..." Рекорд орнатқан қазақ баласы нені армандайды?

"Назарбаев зияткерлік мектептерінің 10 жылдық мерейтойына арналған "Ұлы дала мұрагерлері" форумында Ақназар өзінің зерттеу жұмыстарын  Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырды. Елбасы Ақназарға батасын беріп, Гарвард университетіне түсетініне сендірген еді", — делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, бірнеше халықаралық олимпиадада топ жарған қазақстандық вундеркинд күні кеше бірегей рекорд орнатты. Ақназар ACT мен SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында ең жоғарғы  – 36/36 және 2400/2400 ұпай алды. Гарвард университетінің сайтындағы ақпарат бойынша, оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі ACT-дан 33 балл алса, қалған 75%-і 35 ұпай жинаған.  

"Аспирантураны аяқтаған соң, Қазақстанда ғылыммен айналысамын", — дейді Ақназар. 

НЗМ баспасөз қызметі Қажымұраттың жетістігі Тәуелсіздік күні қарсаңында барша зияткерлік мектебі үшін үлкен сый болғанын атап өтті. 

Бұған дейін алматылық вундеркинд Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында есеп-қисапқа қызығушылығы мен ең үлкен арманы жайлы айтқан еді.


Жаңалықтар
0