Құрбылар

"Күйеуің құрбыларыңды жақтырмаса..." Ғалымдар зерттеу жүргізіп, қорытынды жасады

681
(Жаңартылды 11:38 16.12.2018)
Ғалымдар әйелдің құрбысы оның некесіне қалай ықпал ететінін анықтады

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Зерттеушілер ер адамның әйелінің құрбысына деген көзқарасы мен ажырасулар арасындағы байланысты анықтады, деп жазады Journal of Social and Personal Relationships.

Басылымда хабарланғандай, ғалымдар 16 жыл бойы 373 некелі жұптың өмірін бақылап келген. Осы уақыт ішінде олардың жартысы ажырасып тыныпты. Сол жайттардың басым көпшілігінде күйеуі әйелінің құрбыларын жақтырмаған екен.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл заңдылықтың себебі көп. Біріншіден әйел адам басына түскен мәселені немесе уайымын көбінесе құрбыларымен бөліседі, ал бұл некедегі қарым-қатынасқа теріс ықпалын тигізеді.

Екіншіден, құрбылар ер адамдарды қатты сынға алуға бейім, соның салдарынан әйел адам күйеуімен ұрсысуы мүмкін. Оның үстіне күйеуіне әйелінің құрбылары жақпайтын болса, оған өз жарының ол қыз-келіншектерден қандай айырмашылығы бар деген ой келіп, "өмірлік серігімді таңдауда қателестім" деп шешуі мүмкін.

681
Кілт сөздер:
құрбы, күйеу, неке, ажырасу, әйел, зерттеу, ғалымдар
Тақырып бойынша
Илья Ильин өміріндегі ең қиын сәтте ажырасып кеткенін айтты
Атыраулық "қария бала" Нұржан Өркешбаев әйелімен ажырасып кетті
Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры жайлы айтып берді
Ғалымдар: кеңседе жұмыс істейтіндер ажырасуға бейім келеді
Загрузка...