Ғалам аруы-2018 байқауына қатысып жатқан Сабина Әзімбаева

"Ғалам аруы-2018: қазақстандық қыз туралы не білеміз?

2437
(Жаңартылды 11:05 16.12.2018)
"Ғалам аруы-2018" тәжіне үміткер қыз бокспен шұғылданып, би билейді

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Таиландта "Ғалам-2018" байқауы өтіп жатыр. Ертең ең әдемі бойжеткеннің есімі белгілі болмақ. Аталған байқауда Қазақстанның намысын 18 жастағы Сабина Әзімбаева қорғап жүр. 

Бойжеткен 2000 жылдың 14 ақпанында Алматыда дүниеге келген. Ұлты –ұйғыр. Тұран колледжін "аудармашы-гид" мамандығы бойынша тәмамдаған. Отандасымыз бокспен айналысады, мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында би билейді. 

Ғалам аруына қатысып жатқан Сабина Әзімбаева
© AFP 2019 / Lillian SUWANRUMPHA
"Ғалам аруына" қатысып жатқан Сабина Әзімбаева

Жас болса да, Сабина түрлі сұлулық байқауларында бақ сынап үлгерген. Ең ірі жеңістердің арасынан өткен жылғы "Алматы аруын" атауға болады, "Қазақстан аруы" конкурсында бойжеткен бесінші орын иеленді. 

Қазір Әзімбаева Алматыдағы халықаралық бизнес университетінде "туризм" мамандығы бойынша білім алып жатыр. 

Отбасында үш ағайынды. Қазақстандық ару 85 жастағы әжесі Тудухан Әзімбаеваны мақтан тұтады. Оның айтуынша, кез келген әйел, қай жаста болмасын, мейірімділік пен ақкөңілділікті сақтай білуі керек. Сондай-ақ, оның пікірінше, отбасылық құндылықтар өте маңызды. Болашақта Сабина өмірлік махаббатын кездестіріп, көп балалы ана болуды армандайды. 

Сабина Әзімбаева
© AFP 2019 / Lillian SUWANRUMPHA
Сабина Әзімбаева

"Ғалам аруы" байқауында отандасымыз ұлттық костюммен, кешкі көйлекпен және шомылу киімімен жүріп өтті. 

Сұлулық байқауының финалы Бангкокта 16 желтоқсанда өтеді.

2437
Кілт сөздер:
ұлттық костюм, қазақстандық қыз, финал, сұлулық байқауы, Ғалам аруы
Тақырып бойынша
"Ғалам аруы" атағына үміткер қыз байқауға бара жатып жоғалып кетті
"Ғалам аруы" байқауында қазақ қызы салмағы 30 келі костюм киіп шықты - видео
"Астана аруы-2018" жеңімпазы белгілі болды
"Ғалам аруы": қазақ қызы шомылу киімімен сахнада жүріп өтті - видео
Оңтүстік Африкалық бойжеткен 2017 жылғы "Ғалам аруы" атанды
Астана аруы өзі жайында ең қызықты сұрақтарға жауап берді - видео
Загрузка...