Арықтау

Ғалымдар артық салмақтан арылуға не көмектесетінін айтты

4000
(Жаңартылды 18:38 19.12.2018)
Астық тұқымдастар бауыр мен майлы тіндерде липидтердің жиналуын азайтып, холестерин деңгейін төмендетеді

АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Оңтүстік Корея ғалымдары қара күріш артық салмақпен күресуге және семіздіктің алдын алуға көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.  

Ғылыми топ артық салмағы бар зертхана тышқандарына зерттеу жүргізген. Сынақ барысында кеміргіштерді қара күрішпен қоректендірген. 

Зерттеу барысында астық тұқымдастар бауыр мен майлы тіндерде липидтердің жиналуын азайтып, холестерин деңгейін төмендететіні анықталды. Осылайша, қара күріш калориясы жоғары тағамның салдарын жоюға көмектесіп, артық салмақ қосу жылдамдығын азайтқан.

Зерттеушілер атап өткендей, ақ күрішке қарағанда қара күріштің құрамында антиоксидант, ақуыз және жасұнық көп, ал қант аз болады. Бұған қоса, қара күріште гликемиялық индекс төмен – небәрі 42,3, ал ақ күріште бұл көрсеткіш 64-ке тең. Сондықтан қара күріш диеталық өнім саналады.

4000
Кілт сөздер:
қара күріш, артық салмақ, семіздік, зерттеу
Тақырып бойынша
Ғалымдар семіздіктің қандай пайдасы барын анықтады
Ғалымдар ұйықтап жатқанда артық майды кетіретін тағам түрін анықтады
Қарындағы майды кетірудің ең тиімді әдісі анықталды
Салмақ тастаған соң, қайта семірмеуге көмектесетін диета анықталды
Ғалымдар жылдам салмақ тастауға не көмектесетінін айтты
Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керек екенін анықтады
Ғалымдар жаңалық ашты: фастфудты қанша көп жесең де, салмақ қоспайсың
Загрузка...