Қоғам

Астанада бас шырша қашан жағылады?

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтушырша
шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ертең Астанада танымал әртістердің қатысуымен бас шыршаны жағу рәсімі өтеді

АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның бас шыршасы ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында жағылады. Шырша жағу рәсімі 18 желтоқсанда сағат 18:30-да басталады. 

Ақтөбеде Жаңа жылдық шырша құлап қалды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде жаңа жылдық шырша құлап қалды
Мерекелік шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады. ЭКСПО көрмесінің аумағында кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтеретін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ойын-сауық бағдарламасын астаналықтар мен қала қонақтары сағат 18:30-дан бастап тамашалай алады. Шыршаның шамдарын жағу рәсімі сағат 19:00-ге белгіленіп отыр. 

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мерекелік отшашудың куәгері бола алады. Бас шыршаның шамдарын жағу арқылы қысқы және отбасылық демалысқа арналған көптеген қызмет көрсететін ойын-сауық түрлерінің бірыңғай интерактивті #AstanaWinterland алаңы іске қосылады.

Шыршаның биіктігі – 25 метр. Бас шыршамен бірге, елорданың түкпір-түкпіріндегі барлық жаңа жылдық шыршалар жағылады. 

Жаңалықтар
0