Қоғам

Қазақстандықтар қандай медициналық қызметті тегін алады?

© Photo : Рixabay/MyriamТонометр
Тонометр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдан бастап қандай қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына енеді және қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыру аясында неге қол жеткізеді?

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры жариялаған видеороликте кепілдендірілген тегін медициналық көмек құрамына не енетіні және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтер пакетінен қандай айырмашылығы бары туралы айтылды.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қазақстандықтарға ұсынылады:

 

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек,
  • скринингтер (қауіпті дертті ертерек анықтау мақсатындағы медициналық тексерулер),
  • жүкті әйелдерді қарау,
  • балалар патронажы,
  • созылмалы аурумен ауыратын науқастарды қарау (дерттердің 25 тобы),
  • әлеуметтік маңызы бар дертке (туберкулез, ВИЧ-жұқпасы, психикалық аурулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, қатерлі ісік) шалдыққан науқастарды бақылауға алу,
  • шұғыл көрсеткіштер бойынша кез келген ауруды емдеу,
  • басқа адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды емдеу.

 

Қалған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енеді. МӘМС жүйесі Қазақстанда 2020 жылдан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0